М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет179/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Орыс және қазақ халықтарының болашақта құруы мүмкін 
одағын жемісті әрі берік ететін жағдайларды негіздейтін
Ш.Ш. Уәлихановтың дәлелдері, шын мәнісінде евразиялық идея-
сының өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі және Европаға ба-
ратын қазақстандық жолдың тарихи қайнарын негіздеу болып та-
былады – бұл идеяларды жаһанданған әлемдегі интеграциялық 
үдерістер мен жаңа әлемдік мәселелердің туындауы жағдайында 
қазіргі Қазақстан басшылыққа алып отыр. Біздің ұлы отандасымыз-
ды қазіргі тарих, жаһандық өзгерістер кезеңі, ең бастысы, Қазақстан 
мен Ресейдің евразиялық қауымдастық ажырамас бөлігі болатын 
көп полюсты әлем идеясын жасап, ары қарай дамытудағы достығы 
мен ынтымақтастығының практикалық тәжірибесі қажетсініп тұр. 
Бұл дәлелдер өзектілігін сақтап келеді, өйткені біз «Қазақстан-2050» 
Стратегиясында көрсетілген болашақ дамуымыз туралы айтқанда, 
Ш.Ш. Уәлихановтың басты өсиеттерін басшылыққа аламыз.
Қазіргі әлем – тұрақсыз және тынышсыз. Ол жаңа қиындық-
тарға жолығып, бұрынғыша қоғамдық прогресс мақсатын көздеп, 
өз дамуында жаңа бағдарларды анықтайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы 
– әлемдегі халықтар мен мемлекеттердің күштерін біріктіретін аса 
беделді халықаралық ұйым 1969 жылы Әлеуметтік прогресс пен даму 
декларациясын қабылдады, онда әлеуметтік прогресс пен дамуға 
жетудің негізгі принциптері, мақсаттары, құралдары мен тәсілдері 
бекітілген. Онда ұлттың тәуелсіздігі мен әр халықтың өз тағдырын 
өзі шешу құқығы әлеуметтік прогрестің ең басты шарты ретінде 
мойындалған – бұл, қазақ патриотының азаматтық ұстанымына 
іштей тән нәрсе және ол оны өз заманындағы қазақ қоғамының тари-
хи аренасында ең тәуір жолды таңдаса да, жүзеге асыра алмаған еді.
«Мәнгілік Ел» ұлттық идеясында іске асырылған қазақ халқының 
ең тәуір идеялары қазақстандық қоғамның тарихи жады мен та-
рихи сана-сезімінің маңызды үзбесі болған Ш.Ш. Уәлихановтың 
шығармашылық мұрасын баға жетпес және мәңгі қазына ретінде 
сақтап қалды. Ол бізге өзінің мәдени байлығына шынайы, риясыз 
берілудің, оны сақтап, көбейтудің үлгісін паш етті. Картограф әрі 
суретші Уәлихановтың қолы, тарихшы, археолог, әскери адам, саяси 
қайраткер Уәлихановтың ақылы, филолог әрі ойшыл Уәлихановтың 
тілі тиген нәрсенің бәрі өз елі мен Ресейдің ғана емес, әлемдік 
қауымдастықтың мәдени игілігіне айналды.
Оның Қашғардағы миссиясы, қырғыздың «Манас» эпосын 
хатқа түсіруі, қазақ халқының эпикалық мұрасын жариялауы, 
географиялық, тарихи-мәдени, этнографиялық және этномәдени 
ізденістері адами ойдың ең ірі жетістіктеріне жатады. «Қазақстан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет