Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін салған терең жараларының түбегейлі жазылмағандығын айта кету-
ді өзіміздің борышымыз деп санаймыз. Әрине, қырғыздар
(қазақтар – А.Т.) шыдауда, себебі, бұл жара ешқандай әр текті басқарумен,
формалистикамен, тәртіптермен қысымшылыққа түспейтін ар-
найы қырғыз әкімшілігінің мүлтіксіз күш салуының және бір-біріне
туыстас уездердің өзара көмек беруінің арқасында жүзеге асады
деген үміт болған еді. Мұнан әрі қырғыз халқы
(қазақ халқы – А.Т.) қияли ойлардан азат екендігін және осы тұрғыдан өзге діндестерінен
алыс тұрғанын; бұл халықтың барша пайдалы нәрсені бойына
сіңіре алатын және де оның болашағымен жергілікті жағдайларды
біліп әрекет ететін адамдардың айналысқан жағдайда келешегінен
үлкен үміт күттіретін халық екенін айтпай кетуге болмайды, сөйтіп
қырғыздардың ортақ Отанымызға пайда әкелетін, оның сенімді, адал
және қабілетті мүшелеріне айналатын күн де алыс емес. Бірақ, жаңа
әкімшілік абайсыз қолымен олардың табиғатына зорлық жасап...,
қырғыздарды ешбір мәжбүрлеусіз түскен тура және дұрыс жолы-
нан бұрып жіберетін болса, бұл жас халықтың тағдыры аянышты
болары сөзсіз».
Сол замандағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық
жағдайларын саналы және дұрыс тұрғыдан сараптай отырып Ал-
тынсарин өз халқының шынайы патриоты болып қала береді.
«Алтынсариннің озық демократиялық мәдениетіне деген сүйіс-
пеншілігі оның өз Отандастарына деген терең махаббатымен, оларға
сеніммен, шынайы қызмет ете білуге деген ыстық ықыласымен үй-
лесімділікте бола білді»
[5],
– деп жаза
ды профессор А.Ф. Эфиров.
Тарихи принципке жүгіне отырып Ы. Алтынсариннің өмірін
оның заманынан бөлектеп қарастыра алмаймыз. Ағартушылықты
ол барша ұлтты онсыз дамыту мүмкін болмайтын рухани-мәдени
прогрестің құрамдас бөлігі ретінде түсіндірді. Ал білімділікті да-
мыту өз баспаң мен кітап басу ісінің құрылуынсыз алға бармас еді.
Сонымен қатар өркениет игіліктері қазақ халқы үшін пайдасымен
қатар зиянын да әкелетін еді, оның ішінде көшпелілерді күштеп
отырықшыландыру мен шүйгін жайылымдарын, құнарлы егіндік
жерлерін тартып алуға әкеліп те жатты. Ғасырлар бойына қазақтар-
да өзінің мәдениеті түзілген еді, ал Ы. Алтынсарин оны көпшілікке
таныта білді. Өкінішке орай сол заманның қоғамдық-саяси ахуа-
лы ұлттық мәдениеттердің дамуына қолайлы орта туғыза алмады,
сондықтан біз барлық күш-қайратымен оны сақтауға және нығайтуға
ұмтылған алғашқы қазақ ағартушылары мен публицистеріне бүгінгі
таңда ерекше құрметпен қараймыз.
Ы. Алтынсарин егер адамдардың еңбек етуінің жемістері
олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын болса, санамен