Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін міндеттерін атқаруы, мысалы сыйлықтар тарату және өзге де істерді
басқаруы тиіс. Бай күйеудің серіктерінің қатарында бұлардан өзге
өлеңшілер, әзілкештер, күлдіргіштер де болады»
[11]
. Күйеудің
қайын жұртына келуіне арналып той жасалады: мал сойылып, ойын-
сауықтар болады, бәйге өтіп, домбыра тартылып, ал орындалған
әндерде күйеуге, қалыңдыққа, олардың ата-аналарына мадақтаулар
айтылып, ол үшін сый-сияпаттар алады...
Күйеудің қалыңдыққа алғаш ұрын келуінен соң қыздың ата-ана-
сы кілемдер, шапан-тон, ішік және басқа да сияпаттардан тұратын
жасау әзірлей бастайды. Жас қалыңдықтың неке қиюға арналған
күмістелген сәукелесі бір жыл бойына әзірленеді. Әкенің міндеті бо-
лып табылатын басты жасаудан өзге, шешесі құпия түрде қызы үшін
әйелге қажетті заттар: білезік, сырға, көйлектер және басқаларын
даярлайды. Жасаудың түрі бәрінде бірдей емес. Ауқатты қазақтар-
да жасау мөлшері күйеуден алынған қалыңмалға тең келеді. Түрлі
дәстүрлер жайлы айта келіп Алтынсарин қазақ қоғамындағы
басталған таптық жіктелу мен әлеуметтік қайшылықтарды да жа-
сырмайды. Оның «Очерктерінен» оқырман кез-келген ғұрыпты
орындау кезінде адамның мүліктік мәртебесі ескерілетіні туралы
біле алады.
Дін мәселесі Алтынсариннің әдеби қызметінде ерекше орын ала-
ды. Ол халыққа барынша діннің объективті мәнін ұғындыруды өзінің
парызы деп санады. Дін тақырыбына жазылған өзінің бір шығар-
масын ол «Надандық» деп атады. Надандықты әшкерелей отырып
ол білімді және мәдениетті насихаттайды. Бір-біріне қарама-қайшы
екі бағытты салыстыра отырып Ыбырай халыққа ағартушылық иде-
яларын түсінікті тілмен жеткізеді. Ол оқырмандарды «летаргиялық
ұйқы» ұғымымен таныстырып, молдалардың ұйқыдағы жандар-
ды көміп тастаған жағдайларын баяндап, бұл сауатсыздықпен
байланысты екендігін айтады. Өз көзқарастарын насихаттау үшін
Ы. Алтынсарин халыққа түсінікті аңыздарды пайдаланады. Ыбырай
шығармаларындағы жағымды кейіпкерлер – бұл өз халқын сүйетін
адал еңбеккерлер, ал жағымсыз кейіпкерлер жалқаулар, халықты ал-
даушылар және т. б.
Ол діннің негізіне қарсы шықпады, әйтпесе ата-аналар бала-
ларын мектептерге жібермеуі, ал жаулар болса оның атеизмін
Алтынсариннің беделін төмендету үшін пайдалануы мүмкін еді.
Осындай пікірден Ыбырай 1884 жылы Қазанда өзінің редакциясымен
«Мұсылманшылдықтың тұтқасы» («Шарият-ул-Ислам»)
кітапшасын
жариялайды, онда өзге пәндермен бірге оқу бағдарламасына
енгізілген діни уағыздар мен діни шартар жазылады.