Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін мүмкіндігінің барлық жағын бірдей қарастыратын уақыт. Алланың
еркі қандай болса да, мен өзімнің түпкі мақсаттарым – өз туыстары-
ма соңғы күшім қалғанша пайдалы болудан бас тартпаймын» [11,
154 б.] – деп жазды және бұл күштің оның есімінің ғасырлар тезінен
өтіп адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналуға дейін жеткені
де сөзсіз шындық. Оның сан қырлы іс-әрекеттері халқы үшін пайда-
сын келтірді. Ол тек идеяларды ұсынып, өз халқын экономикалық
және мәдени қалыс қалушылықтан шығаруға ұмтылып қана қоймай,
туған өлкесінің гүлденуі үшін де күресе білді.
Ыбырайдың өмірден өткеніне бес жыл толуына орай 1894 жылы
бір топ қазақ зиялылары «Оренбургский листок» газеті арқылы ол
туралы: «Мұндай ағартушылық еңбектер ұмытылмауы керек, және
біз қазақтар Алтынсарин мырзаға оның қазақтарға деген махаббаты
мен сіңірген еңбегі үшін алғыс айту парызын мойнымызға аламыз.
Біздерге, көшпелілер үшін Ы. Алтынсариннің шығармалары да,
оның өзі де өте қымбат. Мұны Ресейдегі зайырлы әдебиеттің мәнін
ұғатындар ғана түсіне алады. Біз Алтынсарин мырзадан халықтың
барша рухы, оның ақылы, мінез-құлқы, қасиеті және жалпы бар-
ша ғұмырының тұтас көрінісі болатын қаһарманды көруге да-
ярмыз. Алдағы уақытта біздің көшпелі Азия прогрестің жолына
түсіп, фанатизм мен көрсоқыр сенушілікті ысырып тастап, өмірге
дұрыс қадам басу жолына түсті деген ойға келуге болады»
[13]
– деп
жазды. А.Е. Алекторов осы ойды әрі жалғап «Ы. Алтынсарин, – өз
тайпасының ортасына өркениет жарығын әкелген алғашқы қырғыз
(
қазақ – А.Т.) болды... Әдеби шығармашылық тұрғысынан қырғыз
халқының ең жарқын өкілі деп Ы. Алтынсаринді атай аламыз»
[5,
306 б.] –
дейді
.
Бұл жолдардан қазақ халқының рухани мәдениеті мен өміріне
теңдессіз үлес қосқан ағартушы-демократтың, ақынның, жазушы-
ның, Қазақстанның аса ірі мәдениет қайраткерінің сіңірген еңбегіне
берілген жоғарғы бағаны анық көруге болады.
Әдебиеттер 1. Казахи. Девятитомный справочник. Исторические личности. Том 2. –
Алматы, 1998. – 546 с.
2.
Алтынсарин И . Собрание сочинений. В 3-х томах. Том 2. – Алма-Ата,
1976. – 423 с.
3.
Добролюбов Н.Д . Избранное. – М., 1986. – 275 с. – С. 227.
4.
Эфиров А.Ф. Ибрай Алтынсарин. – Алматы, 1959. – С. 41.
5.
Алтынсарин И . Собрание сочинений. В 3-х томах. Том 1. – Алма-Ата,
1976. – 416 с.