М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет199/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
белгілі бір сапасы ретінде, адамның өз әлемін меңгеруінің жоғары 
деңгейі мен табиғатқа, қоғамға және өзіне қатынасы ретінде, біздің 
көзқарасымызша сөзсіз, жалпыға бірдей адамгершілік принципіне 
негізделген. 
Қазіргі философияда руханилықтың түпкі мәнін анықтайтын 
түрлі әдістер бар. Руханилық танымдық, адамгершіліктік, этикалық, 
эстетикалық және шығармашылық мәніне байланысты зертте-
леді. Бұл құбылысты зерттеуде көптеген әдістер қолданылса да, 
зерттеушілердің көпшілігі руханилық адамның өзінің болмыстық 
түпкі мәнін сезіну деңгейінің және өз өмірінің шегіне жетуі мен 
адамзат тәжірибесіне айналуының нәтижесі екендігін мойындайды. 
Қазіргі уақыттағы, біздің қоғамдағы руханилық мәселесіне қы-
зығушылықтың оянуы – кезекті өзгеріп отыратын сән үлгісі емес, 
шындығында өздерінің үйреншікті әдетін тастап, жаңа қатынастар 
мен басқа құндылықтар әлеміне жол салған, осы әлемдегі өз ор-
нын біліп, өз жолын табуға тырысқан біздің замандастарымыздың 
аласұрған жанының қажеттілігі екенін ерекше атап өткім келеді. 
Руханилық мәселесіне ықыластың оянуы – бұл саналы немесе әлі 
толық сезінбеген, тек сыншылдықты, дағдаруды, тіпті өзінің бұрынғы 
өмір сүру тәсілінің мүмкін еместігін сезіну мен әлемдегі басқа да өмір 
сүру тәсілін, онымен өзарақатынас формасын іздеу. Руханилық бол-
мысы – бұл құндылықтарды асыра бағалау және мәнге ие болу жолы, 
ал жеке адам үшін – бұл ең жоғарғы мақсаттарды және өз өміріндегі 
ақиқат мәнді табу мәселесі. 
Руханилық түсінігі өз болмысымыздың терең мәнін талқылауға 
бағытталған ерекше (тіпті әмбебап) түсіну принципіне айнала баста-
ды, ал руханилықтың өзі адамның өзінің шынайылығын анықтаудың 
өзіндік өлшемі, жеке болмыстың саналылығының, өзіндік құрылуы 
мен өзіндік қалыптасу тәсілінің, яғни әлемдегі адам өмірінің мәні 
мен мақсатының көрсеткіші болып табылады. Руханилықты жеке 
адам бірден қабылдамайтыны, адамның өз қабілетін өзі жетілді-
ру арқылы, өзін еркін сезініп, өзгеру үшін ұзақ әрі көп еңбек ету 
қажеттігі түсінікті. Біздің пікірімізше, руханилықты қалыптастыру 
жолы адамның біртұтастығы мен тазаруы арқасында адамның се-
зімдік қабылдауы мен ішкі жарқылына қол жеткізуді мақсат еткен 
адамның ұдайы өзгеріп отыруы болып табылады. 
Қазақ философиясының ерекшелігі адам экзистенциясы мәсе-
лесіне, адам болмысының өмірмәндік негіздерінің рухани ізденісіне 
бағытталуында. Қазақтардың ұлттық философиялық санасының 
рухани бейімделуі оның ұзақ ғасырлық даму кезеңінде, ең алды-
мен, Абай мен Шәкәрім сияқты қазақ этикалық ойының белгілі 
тұлғаларының шығармашылық мұраларында сақталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет