Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 193
Біздің ойымызша, руханилық Абай философиясының негізгі
мәселесі болып табылады. Руханилықты олар адамның адам болу
негізі және қоғамдық дамуға адамгершіліктік бағыт беретін жағ-
дай ретінде анықтайды. Абай философиясындағы руханилық кате-
гориясы адам болудың әмбебап өлшемі және жеке адам мәдениеті
ретінде негізделеді, оның жалпы адамдық мәніне жалпылық сипат
береді. Қазақ философы руханилық адам сенімін өзіне қайтара ала-
ды, ол әлеуметтік енжарлық пен қауымның тығырыққа тірелуін жоя
алады, рухани күштер жеке және қоғамдық сананы адамгершіліктік
құндылықтарға, ал жеке адамды жасампаз әрекет пен қоғамдық
игілікке қызмет етуге бұра алады деген ой айтқан.
Абайдың түрлі ілімдер мен дүниетанымды тануға, ақиқатты
іздеу жолындағы ғылымның, философияның және діннің бірігуіне,
адамгершілік пен руханилықты адам болмысының жоғарғы заңы
ретінде дәлелдеуге ұмтылуынан сөзсіз философиялық сананың
ерекше стилі көрінеді. Ойшыл философиясына адам мен болмыс
мәселесін біртұтас қарастыру тән.
Абайдың руханилыққа негіздел-
ген философиялық ойы адам болмысының гуманистік сұлбасы мен
оның дүние туралы түсінігінің аксиологиялық өлшемін көрсетуге
тырысатын қазіргі философиялық парадигмамен үндес екенін ерек-
ше атап өту керек.
Рухтың адамның адамгершілік сезімін жандандырып, санасын
оятып, әлемге, басқа адамға деген қатынасты қастерлеуді ұғындыра-
тыны белгілі. Рух, біздің көзқарасымызша, адамзатты байланысты-
ратын, оның санасын, еркін адамшылыққа бағыттайтын бастау.
Сондықтан рухани адам ол біртұтас адам, өйткені ойшылдыққа,
заттық-практикалық қызметке, сезімге, шындықты көркем қабылдау
мен дінге, өзін адам ретінде сезінуге бағытталған үйлесімді бірлік бо-
лып табылады. Жеке рухани дамуда рух жанның қасында алғашқы
болып табылады, өйткені оның құлшынысы адамның рух арқылы,
оның рухани дамуының негізінде бастау алуымен белгілі.
Біз қазақ эпосынан басқа ешбір деректен қазақ рухын, халық-
тың басынан кім болғанын, қазақ тарихы мен принципін жақсы біле
алмайтынымызды білдік. Халық рухы, оның тарихы мен поэтика-
лық формада философиялық ойлай алуын Абай қазақ эпосынан
алған. Көптеген бай халық ауыз әдебиеті ескерткіштерінің арасы-
нан эпостың алатын орны ерекше. Белгісіз дарындардың сансыз
ұрпақтары өңдеген көне көркем шеберлік, эпикалық шығармаларда
көрініс тапқан халықтың ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесі, ондағы
тарихи нақтылық эпосты халықтың, яғни оның рухының мәнін си-
паттайтын, поэтикалық қалыпта айтылатын ауызша тараған тарих
деп айтуға мүмкіндік береді.