М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Абай – қазақ халқы рухының жаршысы



Pdf көрінісі
бет198/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

4.3 Абай – қазақ халқы рухының жаршысы 
Қазіргі уақытта қазақ халқының рухани мұрасын, оның өткені 
мен бүгінін ой елегінен қайта өткізу, көп жылдар тұтқыны болған 
қасаң қағиданы бұзу қазақ руханилығы мәселесін, оған жаңаша 
көзқарасты зерттеуді қажетті де өзекті ете түседі. Қазақ халқының 
руханилығын зерттеу қазіргі мәдениет бастауына қайта келуімізге 
көмектеседі және қазіргі кездегі біз қол жеткізе алмайтын әлемді тек 
қасымыздан, айналамыздан ғана көрмей, белгісіз биіктерден де көру 
мүмкіндігіне жетелейді. 
«Қазақтың ұлттық философиясының нақ ортасы – адам мәселесі, 
оның онтологиялық, түпкі мәндік, танымдық күштері, – деп атап 
өтеді М.С. Орынбеков. Бұл оның руханилығын, болмыстық және 
мәдени мүмкіндігі мен болашағын жақын арада қарастыратын адам 
мәселесін, оның түпкі мәнін шұғыл талқылауды қажет етеді» [1, 3 б.]. 
Шындығында, руханилық жеке тұлғаның шыңы, мәдениетке жетуі 
ретінде әрбір тарихи уақытта адам алдында қайта ашылып, шешіліп 
отырады.
Адамның рухани кеңістігі – биік мақсаттар мен арсыздықты, 
жер мен Көкті, жақсы мен жаманды бірге алып жүретін түзу сызық 
секілді. Рухани даму біртіндеп өрлеу мен жоғары құндылықтарды 
ұғынуды көрсетеді. Рухани даму процесі сонымен бірге өз ісіңнің 
адамгершіліктік және эстетикалық өлшемінің арақатынасы процесі, 
өз болмысыңмен ойлау мен әсерлену және адамдар мен заттардың 
әлеммен өзарақатынасының процесі. Руханилық адам болмысының 


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет