Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
ойының калыптасуының негізі деп есептеді: «Ақыл, ғылым – бұлар –
кәсиби» [6, 219 б.].
Ол
сонымен қатар, еңбек адам жанын түлетеді, ал
еңбектен алыс жүретін жалқауларда жаман әдеттерге бейімділіктер
көп кездесетінін келтіреді. «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің
дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осы-
дан шығады», – деп жазады «Ғақлиясында» [6, 207 б.].
Ж. Аймауытұлы «Абай» журналында жарияланған белгілі мақа-
ласында, қазақ ағартушысының этикалық қағидаларына байланы-
сты былай деп жазады: «Шеберлікті меңгер», оқы, еңбек ет, тәрбиелі
бол, адам бол, шамаңды парықтай біл деп Абай табаңдылықпен
қайталайды. Ол халқыньң қамын ойлады, адамдық атына қызмет
етуге, адамды туысындай сүюге шақырды» [8]. Ж. Аймауытұлы
сондай-ақ Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, әділ-
дік, шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол өмір бойы «жаңылыс
басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды» [8].
Ойшыл ақынның этикалық мұраттары эстетикалық қырлармен
тығыз астасып жатады. Абай бойынша адамгершіліктік жетілу бұл
этикалық пен эстетикалықтың бірлігі және ол белгілі бір эстетика-
лық құндылыққа толы. М.С. Орынбеков орынды жазып көрсеткен-
дей: «Абайдың өлеңдері мен прозасын оқи отырып оның этикалық
және эстетикалық позицияларының астасып жататынын байқай-
мыз. Сұлулық пен жақсылық терең біртұтасып кетеді, сондықтан
ақкөңіл адам көркем болып келеді. Абайдың өзі сондай адам еді,
және ол өз дәуірінің руханилығы мен мәдениетін дамыта отырып
жинақтады» [6, 129 б ].
Абайдың жанға жақын идеяларының бірі адамды табиғатқа
жақындату: адам мен табиғат, табиғат пен махаббат, табиғат пен
өмір, табиғат және өнер оның поэзиясының сүйікті тақырыптары
болды. Абай шығармашылығында нақтылы пейзаждық, лири-
ка көлемі аса көп емес, барлығы бірнеше өлеңдер: «Жаз», «Күз»,
«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Қыс», «Желсіз түнде жарық
ай», «Жазғытұры» және басқалар. Дегенмен бұл шығармалардың
Абай шығармашылығында алар орны салыстырмалы түрде ерек-
ше, өйткені бұл өлеңдерде қазақ даласындағы жылдың төрт мезгілі
толығымен суреттеліп қана қоймайды, табиғаттың көркемдігі
айшықталып, ақынның дүниеге көзқарасы, оның идеялық-көркемдік
кредосы, оның көшпелі өмір жағдайындағы әлеуметтік проблема-
ларды түсінуі, адамды түсінуі тұтастай көз алдымызға келеді. «Оның
жылдың төрт мезгіліне /көктем, жаз, күз және қыс/ арналған ғажап
өлеңдері Еуропаның көрнекті ақындарының өлеңдерімен қатар
тұрар еді» – деп жазады Ә. Бөкейханов [10,8 б.].
|