Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
, қазаққа арнап, былай деген
: « Екі сөздің басын
қосарлық неақылы, неғылымы жоқбола тұра, өзімдікінжөн қыла-
мын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның
несі адам?» [7, 179 б.].
Абайдың өз шығармаларындағы негізгі ұстанған этикалық
қағидасы – бұл «Адам бол!» деген үндеуі – ол ойшыл-ақынның
шығармашылығының өзегіне айналды. Абай үңдеуінің этикалық
мәні – адамның өмірдегі міндеті мен ролін жоғары бағалау. Адам –
ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адамшылықтың, еңбексүйгіштіктің
және білімділіктің, достық пен махаббаттың түгелдей көрініс та-
буы, жинақталуы. Ай мен күн – аспан әлемінің әшекейі, орман
мен жемістер – таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай үлкен
мақтанышпен: «Адам деген даңқым бар!» - деп жар салады [5, 86 б.].
Абай адамның рақымды болуы оның құдай тағаланың көрінен
қорыққандығына байланысты емес, оның өз қылықтары үшін ар ал-
дында, ақыл-ойы, өзін қоршаған адамдар алдында жауапкершілі-
гін сезінуімен деп есептейді. Абайдың пайымдауынша, шынайы
қайырымды адам өзінің істеген жақсылығына сый күтпейтін, атқар-
ған жақсы істерінің нәтижесінде оған рақаттану немесе қиналыстар
келсе де оған ұмтылатын кісі болып табылады. Қайырымды әрекет-
тер – қоғамға пайдалы, адамдардың жалпы мүддесіне сәйкес келе-
тін әрекеттер деп танлады.
Абайдың этикалық тұжырымдамаларында «еңбек» ұғымының
айрықша орны бар, өйткені қазақтың ойшыл-ақынының еңбектің
адам өміріндегі мәні туралы айтылмайтын шығармасы жоқ деп
әсірелеусіз айта аламыз. Еңбек әрекетін Абай адамның рухани, ақыл-