Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 205
дан Г. Гейненің мынадай ойы еске түседі: «Ұлы кемеңгер өзге ұлы
кемеңгердің көмегімен, тек ассимиляция (сіңірілу) арқылы ғана емес,
үйкелістің нәтижесінде ғана қалыптасады. Алмазды алмаз ғана жыл-
тырата алады. Сол сияқты Декарттың философиясы Спинозаның
философиясын тудырған жоқ, тек оның пайда болуына ықпал етті»
[5].
Шәкәрім өзге тілдерді білмеген өзінің тілі туралы да ештеңе
білмейді деген сенімде болды. Ойшыл өзінің қазақ ана тілінен басқа,
түрік, араб, парсы тілдерін үйренді, орыс тілін толық меңгерді, яғни
нақты бес мәдениеттің тоқайласқан тұсында тұрды. Ол Пушкин-
ді, Лермонтовты, Толстойды, Салтыков-Щедринді, Омар Хайямды,
Хафизді, Рудакиды және көптеген өзгелерін түпнұсқадан оқыды.
Шәкәрім «Дубровский» және «Метель» (Дауыл) шығармаларын өлең
түрінде қазақ тіліне аударды.
Қазақ ойшылының Лев Толстоймен хат алысып тұрғаны белгілі,
сондай-ақ Шәкәрімнің Ясная Полянада (Ашық Алаңқай, Толстойдың
тұрған жері) өткен ұлы орыс жазушысының 80-жылдық мерейтой-
ына қазақтардың арасынан жалғыз өзі барғандығы туралы мәлімет
бар. Шәкәрімнің өз шығармашылығында Л. Толстойға деген ерек-
ше қатынасы туралы жазғандығын, өзін ұлы орыс жазушысы мен
ойшылының шәкірті санағанын атап өту керек. Оның мынадай өлең
шумағына сілтеме жасауға болады:
Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың, Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың. Жанымен сүйді әділет ардың жолын, Сондықтан ол иесі терең ойдың [3,143–144 бб.]
Адамзат өмір сүруі мен дамуының кеңістігі ретіндегі жарату-
шы туралы, діни сенім туралы екі ойшылдың да толғаныстары таң
қаларлықтай қиюласады және терең идеялық үндестікке ие болып
келеді. Осы мәселеге арнайы мақала жазған зерттеуші-шығыстану-
шы Ғалым Боқаш Шәкәрім мен Толстойдың рухани жақындастығы
мәселесін салмақты түрде талдайды [6].
Екі ойшыл да адамдарды өз рухтарында анағұрлым асқақ және
текті игілктерді қалыптастыруға шақырды және адамның ар-ұяты,
абыройы, әділдігі, оның жүріс-түрысы мен қылықтарының этикалық
нормасы және әлемге деген рухани-адамгершілік қатынасының
квинтэссенциясы ретінде көрінеді деп пайымдады. Бұл ойшыл –
гуманистердің пікірінше, ар-ұят адамның ақиқатқа ұмтылысынан
туындайды және адамнан, ең алдымен, әділеттілікті, өз міндеттеріне
деген адалдықты, сондай-ақ атқарған ісінің дұрыстығына деген ішкі
сенімді талап етеді.