Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 213
Ынсап ұстамдылықтың, сабырлылықтың, қанағаттың негізі бо-
лып табылады, ал ынсаптың талаптарын өз өмірінің қағидаларына
айналдырған адам өзгелерге қатысты жамандықтың, зұлымдықтың
пиғылынан әрқашан аулақ болады. «Талап пен ақыл» деген өлеңінде
Шәкәрім былайша ой толғайды:
«Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық – Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Алтауының ішінде ынсап әділ, Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық. Ынсап деген аспайды, кем қалмайды, Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды» [3, 128 б.].
Ынсап – ақыл-ой, әділеттілік, жауапкершілік, өзара түсіністік,
мейірімділік сияқты әлеуметтік-этикалық категориялармен тығыз
байланысты. Шәкәрім былай деп атап өтеді:
«Ынсап пен мейірім, әділетті, Жаныңдай көріп жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та» [3, 189 б.].
Шәкәрім адам өміріндегі ынсапқа үлкен мән бере отырып, бұл
этикалық феноменнің ақиқатқа деген ұмтылыстан туындайтынын,
адамның өзі сияқтыларға деген жанашырлығымен, аяушылығымен,
қолғабыстылығымен байланысты екендігін зерделейді.
Әділеттілік – бұл адамдардың қауымдастықтағы тұлғааралық
қатынастарындағы мызғымас адамгершілік құндылық және маңыз-
ды этикалық феномен. Халықтың адамгершілік құндылықтарына
сәйкес келмейтін құндылықтар қашанда оның ішінде ашу мен на-
разылық тудыратыны сөзсіз. Әділеттілікке деген наразылық қазақ
халқындағы мынадай мәтелден көрінеді: «Ынсапсызға ерік берсең,
елді талар», «Зұлым есіктен кірсе, ынсап түндіктен шығады».
Ынсап адамның сенімімен, ұстанымдарымен және олардың
адамның тікелей өмірқамындағы тікелей көріністерімен байланыс-
ты болып келеді. Қазақтар арасында мынадай мақалдар кеңінен
таралған: «Ынсап – діннің жартысы», «Ынсапсыздың иманы жоқ».
Ынсап адамды аморальды, заңға қайшы әрекеттерден сақтан-
дырады және сонысымен бұл этикалық феномен тұлғаның әлеумет-
тік жүріс-тұрысын реттеудің өзіндік механизмі ретінде көрінеді.
Талай азапты бастан кешіргенімен, барлық бұл сынақтардан бас
имей өтіп шыққан қазақ халқының даналығы өмірдің қызығы мен
қуанышын татуда мынаны ескеруді үйретеді: өзіңнен әлсіз адамдарға