М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет218/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
соғыс, Ақпан, Қазан төңкерістері және өзге оқиғалар қазақ даласын-
да да қызу үндестік тапты. Олар Шәкәрімді де бей-жай, тыныш және 
қатыссыз қалдыра алмады [10, 18 б.]. 
Өз халқы мен оның болашағы үшін жанын ауырту ойшылды 
дағдарыстан шығудың жолдарын азаптана іздестіруге итермеледі. 
Неге әртүрлі халықтар, мейлі ол ағартылған болсын, мейлі 
ағартушылық жолындағы халықтар болсын, бүкіл өзінің руха-
ни қуатын, білімі мен күшін өздері сияқты адамдарды құртуға 
жұмсайды деген ой оған маза бермеді. 
Шәкәрімнің трагизмі (азаптануы) оның өзіне жақын адамдар-
дың көз жұмуына байланысты да күшейе түсті: немере ағасы 
Абайдың, кіші бауырлары (інілері) Мағауия мен Ақылбайдың 
өмірден өтуі күйзелте түсті. Бұл қайғы адам өмірінің өткіншілігі
мен күйзеліс сезімін шектен тыс шиеленістіріп, өмір мен өлім, шы-
найы және жалған өмір сүру, адамның бақытқа жетуі мәселелерін 
жаңаша қарауға мәжбүрлей отырып, Шәкәрімнің бүкіл ішкі рухани 
әлемін аударып төңкерді. 
«Үш анықта» Шәкәрім Ақиқат туралы мәселені қояды және 
бұл мәселенің арнайы шешімін ұсынады. Ақиқатқа жетудің жолы 
күрделі, соқтықпалы екендігін атай отырып, ойшыл былай деп жаз-
ды: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... [11, 
6 б.]
Өмір мен өлім мәселелерін қарастыра отырып, ол бірінші анық 
ретінде материалистік дүниетанымды, екінші – теологиялық дүние-
танымды, үшінші анық ретінде – ар-ұжданды атайды. Көптеген 
ақиқаттардың, анықтардың арасынан Шәкәрім осы үшеуін бөліп 
қарастырады, олар өздерінің дәйектілігімен және дәлдігімен өзара 
таласа алады және сол дәуірдің негізгі қақтығысын білдіреді. 
Ойшыл өз бастауын антикалық философиядан алатын екі 
қарама-қарсы көзқарастарды – материалистік және идеалистік 
көзқарастарды салыстыра отырып, олардың қайсысы шынайы екен-
дігін анықтауға ұмтылды. 
Дүниенің рационалдық өлшемін алға тартатын материалистік 
дүниетаным адам жанының мәңгілігі мен жаратушы-құдай идеясын 
теріске шығарады. Шәкәрім үшін бұл адамның өзін жоюмен бірдей. 
Ойшылдың пайымдауынша, мұндай түсінік адамзат қоғамының де-
градациясына, сондай-ақ адамның табиғатында материалдық пен 
биологиялықтың үстемдігіне алып келеді. 
Шәкәрім адамның күмәнсіз руханилығын сенімді түрде көрсетіп 
береді. Және де адам рухани тіршілік иесі болғандықтан, ол өзінің 
жанымен келісім мен үйлесімділікте болып, бақытқа жете алады, ал 
жанның күнделікті әлемдегі проекциясы ұждан болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет