Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 211
Ойшыл адамдарды өз жандарын әділетті, ар-ұятты өмір сүру
арқылы оятуға шақырды. Ұждан адамның іс-әрекетін қадағалайды,
оның өмірін жауапкершілікті және парасатты етеді. Шәкәрім былай
деп жазды: «Адам, нысап, әділет, мейірім үшеуін қосып айтқанда
мұсылманша ұждан, орысша совесть бар... Меніңше, совесть –
жанның тілегі... Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть деумен еш
нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі
үш анық дегенім осы [11, 30 б., 34 б.]
Шәкәрімнің дүниетанымы – бұл болмыстың мәңгі сұрақта-
рын жүйелі және қайшылықсыз пайымдаудың үлгісі. Ойшыл үшін
жан мен ұждан мәселесі философиялық рефлексияның дерексіз
мәселесі емес, адамдардың өмірқамының өзі үшін қажетті, шешілуі
әбден мүмкін дилемма. Философты терең толғандырған өмірдің
мәні, жанның мәңгілігі мәселелері оның шығармашылығының
түбірін құрайды, ал оларға жауапты ойшыл тұтастай дүниетаным
тұрғысынан беруге тырысты.
Шәкәрім дәл осы үйлесімді және бүтін дүниетаным шеңберінде
адам өміріне жоғары парасат берудің мүмкіндігіне шек келтірмеді.
Дәл осындай дүниетаным бұл ойшылдың өзіне де тән болғандықтан,
ол адамның рухани өсімінсіз, тұлғаның адамгершілік кемелденуінсіз
бұл әлемде кез-келген іс-әрекет өз мән-мағынасын жоғалтатынына
сенімді болды. Егер қайырымдылық пен әділеттілікке деген ұмтылыс
адам жанында басым болмаса, онда тіршілік өмір сүрудің қажетті
шарты болып табылатын сапалық аспект жоғалады, – деп пайымда-
ды қазақ ойшылы.
Зерттеушілердің дұрыс аңғарғанындай, «Шәкәрім Құдайбер-
диев Батыстық өркениеттің қарқынды дамуы барысында қалып-
тасқан рухани және мәдени вакуумды терең сезінген ойшылдардың
қатарына жатады, сондықтан да ол ойшыл және ақын ретінде адам-
зат бақыты мен игілігін іздеудің қалыптасып үлгірген шығыстық
дәстүрін жалғастырды» [12].
Шәкәрімнің Шығысты қабылдауы Шығыстың өзінің күрделі бет-
бейнесіне орай, әр деңгейлі және көпқырлы болып келеді. Ол да
Абай сияқты, өз шығармашылығының бастапқы кезеңінде шығыс-
тық әсем поэзиялық дәстүрге шығармашылық шабыттың қайнар
көзі ретінде ден қойды. Онан ары, ағартушылық дәстүрге ере оты-
рып, ойшыл енді өзге мәдениеттерді игеруге шақырумен тоқталып
қалмай, өзіндік өзегін Шығыс құрайтын Жарықтың әлеміне терең,
философиялық тұрғыдан «бойлауды» насихаттады. Шығыстың ар-
қасында Шәкәрім Шығыстың «терең дүниетанымдық парасат аясын-
да және ең жоғарғы мағынада Ұстазға айналды. Бұл оған өз бойы-