М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет215/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
207 
толғауларға толы. Ақын-ойшылдың шығармаларында қазақтар-
дың космологиясы мен космогониясы бейнеленген, философиялық 
мазмұндағы картиналар мен терең образдар құрастырылған. 
«Бәйшешек бақшасы» деп аталатын өлеңдер мен әңгімелер циклін-
де философтың өмір мен өлім туралы мынадай ой-толғауы кездеседі: 
Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы, 
Ортасы – өмір, жоқтық қой – екі басы. 
Сағымдай екі жоқтың арасында 
Тіршілік деп аталар біраз жасы. 
Жоқтық, барлық – жоғалмақ араласы, 
Үш еріксіз болады мағынасы 
Нажағайдай жарқ етіп өшпек болса, 
Өмірдің он тиындық жоқ бағасы
[3, 154 б.] 
Өмір мен өлімнің философиялық мәселелерін осылайша тал-
қылау көбіне Шәкәрімнің діни дүниетанымының қайнар көзі болып 
табылатын сопылық дәстүрмен байланысты екендігін атап өту қажет. 
Бұл туралы біз өз жұмысымыздың барысында кеңірек тоқталамыз. 
Қазақтың бұл көрнекті ойшылы адам мәселесін түпкі катего-
рия ретінде негіздейтіндіктен, бұл оның философиялық іліміндегі 
орталық тақырып болып табылады. Осы ұстаныммен Шәкәрім ең 
алдымен адам мен оның жаны зерделенетін және онда бұл мәселе 
көбінше «Құдай – Адам» қатынастары аясында қарастырылатын 
шығыс философиясының дәстүрін жалғастырды. 
«Менің пайымдауымша, – деп жазады ойшыл, – адамның жақсы 
өмір сүруінің негізіне адал еңбек, арлы ақыл-ой, шынайы жүрек жа-
туы тиіс» [7]. Шәкәрімнің пікірінше, мейірімділік, қайырымдылық, 
ұстамдылық, саналылық, адалдық, төзімділік, әділеттілік – міне, осы 
қасиеттер адамға ажырамастай тән болуы керек. 
Ойшылдың философиялық көзқарастарының ерекшелігі ал-
дыңғы орынға этикалық ұғымдарды қоюымен сипатталады және 
бұл оның пайымдауларының моральдық бағытта болуын айқындай-
ды. Шәкәрімді оның философиясының негізгі мәселесіне айналған 
адам тақырыбының этикалық қыры терең толғандырды. Ол адам 
болмысының мәні мен мағынасы мәселелерін тереңінен зерттеді, ар-
ождан туралы ілімді қалыптастырды. «Ынсап», «рақым», «мейірім», 
«адал еңбек», «таза жүрек», «адамшылық», «ар», «ұят», «сабыр», 
«ұждан» сияқты этикалық категориялар оның философиялық-
этикалық көзқарастарының өзегін құрайды. 
Шәкәрім тұлғаның адамгершілік кемелденуін ғылым және бі-
ліммен байланыстырды және бұл адамға өз іс-әрекетін моральдың 


208


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет