М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет212/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
өзіңді өзгерт деген принциппен өмір сүретін субъект, болашақтың 
белсенді субъекті болуға септігін тигізетін жаңашылдықты қалып-
тастыра алатын қазақ халқының келешекке ұмтылысында маңызды 
орын алады. 
Абайдың ізбасары ретінде Шәкәрімнің философиялық көзқа-
растарының түп-төркінін талдай отырып, оның идеялық қайнар 
көздері – бұл ежелгі түркі мәдениеті, қазақтардың халық ауыз 
әдебиеті, көпғасырлық тарихы бар Шығыс мәдениеті мен сопылық 
дәстүр, сондай-ақ орыс мәдениеті арқылы, өз қайнарларында 
антикалық дәуірден бастау алатын батыс еуропалық мәдениет 
екендігін кесіп айтуға болады. Ол өзінің «Жасымнан жетік білдім...» 
деген өлеңінде өз дүниетанымының үш қайнар көзін көрсетеді: 
Жасымнан жетік білдім түрік тілін, 
Сол тілге аударылған барлық білім. 
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды, 
Жарқырап қараңғыдан туып күнім. 
Оятқан мені ерте – Шығыс жыры, 
Айнадай айқын болды әлем сыры. 
Талпынып орыс тілін үйренумен 
Надандықтың тазарып кетті кірі 
[3, 143 б.]
Сабақтастықтың бұл бағыттарын – түркі мәдениетін, Шығыстың 
рухани мәдениетін және орыс мәдениетін – Шәкәрім өз ұстаздарын 
атап шығатын, өзінің «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хан әулеттері-
нің шежіресі» еңбегінде көрсетіп береді. Ол атасы Құнанбайдың 
арқасында түркі жазуы мен орыс хатын білгендігін атап өтеді. 
«Кейінірек, – деп жазады Шәкәрім, – менің ұстазым... Абай бол-
ды. Ол өте сирек талант пен ақылдың адамы, мұсылман және 
орыс ғылымдарының құдай дарын берген танымал білгірі еді». Ба-
лауса шағымнан бастап, онан сабақ алдым, мен оның және өзге 
жазушылардың жазған қолжазбалары мен кітаптарын оқыдым... 
ғылымның шапағатымен нұрландым... Онан кейін менің ұстазым әрі 
тәлімгерім «Тәржиман» газетінің редакторы Ысмағұл Гаспринский 
болды» [4].
Шындығында, Шәкәрімнің өзіне дейінгі және өз замандастары-
ның жеткен жетістіктерін игеруге, өз бойына сіңіруге, өңдеуге және 
түйіндеуге деген құдіретті дарыны болғандығы даусыз. Әр заман-
дағы және әртүрлі халықтардың әрқилы философиялық ілімдері-
мен таныса отырып, ол ең алдымен, өз дүниетанымына, өзінің ру-
хани ойлау қыртысына жақын нәрселерді алды, яғни оларды өзінің 
қуатты шығармашылық рухының сынынан қорытып шығады. Осы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет