М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет211/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
203 
4.4. Шәкәрім – Абайдың рухани дәстүрлерін жалғастырушы
Егер де философияны тек рационалды-логикалық білімнің ерек-
ше тегі ретінде ғана емес, оны түпкі мағынасында, дәлірек айтқанда, 
ойлаудың анағұрлым жалпы формалары арқылы берілетін өзіңді 
тану мен өмірді игеруге деген, даналыққа деген сүйіспеншілік ретін-
де түсінер болсақ, онда Шәкәрім Құдайбердиевті қазақ философия-
сын бұрын-соңды болмаған биікке көтерген философ және ойшыл 
деп атауға толық құқығымыз бар. Ол өзінің туындыларында қазақ 
халқының ой-толғаулары мен арман-аңсарларын нақты көрсете 
білді, өз заманы адамының өмір философиясын, оның болмыс, мо-
раль, этика туралы түсініктерін шеберлікпен білдіре алды. 
Абайдың кемеңгерлікпен айтқан мынадай бір сөзі бар: «Өзі-
нің шеберлігімен, ой-толғамымен және көргенділігімен жоғарғы 
рухани күштерді сезінуге дейін жеткен және міндетті түрде өз 
бойына сүйіспеншілік пен ақиқатты жинақтаған адамды ғана да-
нышпан немесе ойшыл деп айтуға болады» [1]. Бұл сөздерді қазақ 
руханилығының рәміздерінің біріне айналған Шәкәрімге қатысты да 
айтуға болады. 
Қазақ халқының руханилығы оның тарихи дамуы процесі ба-
рысында қалыптасты. Көне философияның бастапқы кезеңдерінде 
адамның әлемге, әлемнің адамға ашықтылығы айқын аңғарылады. 
Көшпелі қазақ «обал жасама» деген принциптен көрінетін ғарышқа 
деген, табиғатқа деген ерекше қатынасты қалыптастырды. Қоршаған 
әлем ол үшін тек өзі өмір сүретін орта ғана емес, оның ішкі «Менін», 
оның мәнін де білдірді. 
Осы орайда У.К. Әлжанова мен К.К. Бегалинованың мынадай 
қызықты ойын келтіруге болады: «Халықтың қаны мен тәніне еніп 
кеткен оның өткені руханилықтың өзегін құрайды. Бірақ бұл өткен 
шақ адамның әлемге деген рухани қатынасының барлық формала-
ры арқылы, яғни халық эпосында, жыраулар мен ақындардың, фило-
софтар мен саясаткерлердің шығармашылығында, қазақтың ұлттық 
идеясында бейнелене және өзгерістерге ұшырай отырып, халықтың 
бүкіл тарихының сүзгісінен өтеді. Адам мен адам қатынасы ретіндегі 
адам мен әлемнің өзара қатынастарын айқындайтын дәл осы ұлттық 
идея өткен мен бүгінді жалғастыратын және бүгін сол арқылы ке-
лешекке ұмтылыс іске асатын көпірдің немесе арқанның қызметін 
атқарады» [2]. 
Бұл тұрғыдан алғанда Шәкәрімнің философиясы бүгінгі күні өзі-
нің рухани болмысында халықтың санғасырлық тарихында ең ізгі 
мұраларды сақтап қалған және әлемді өзгертпес бұрын, алдымен 


204


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет