Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Әділбек Айсұлу к-14-1оқу тобы студенті Қорқыт Ата атындағы ҚМУ



Дата13.12.2021
өлшемі19,25 Kb.
#125715
Байланысты:
доцент макала
AAct 7032978 2022-15 Bonus invoice

Ыбырай Жақаев тұлғасы -қазақ сөз өнерінде

 

Айтбаева Айман Ералықызы  ф.ғ.к., доцент



Әділбек Айсұлу К-14-1оқу тобы студенті

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Ыбырай Жақаев- қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі» [1.,5],-деп оның қазақ қоғамындағы орнын ерекше атап өтеді. Кетпенімен еңбек гимнін жазған диқан Ы.Жақаевтың  көркем бейнесін жасау - ол ұрпақ міндеті. Білімі жоқ, білек күші бар, оқығаны болмаса да тоқығанымен, қажырлы еңбегімен  әлемді таң қалдырған Ы.Жақаев жайында қарымды қаламгерлеріміз талай туындыны дүниеге әкелді. Бүгінгі күнге дейін Мәскеу мен Алматының, сонау Германиядағы неміс драматургі Бертольд Брехт те туындыларында Жақаев ерлігін арқау еткен. Өзінің «Менің бақытым», «Өмір жолдары» кітабы да диқан бейнесін толық ашатындай көркем дүниелер.



Академик М.Қаратаев Ы.Жақаевтың қазақ сөз өнерінде геройға айналу себебін: «Ыбекең есімі Еңбек Ері ретінде бүкіл халқымыздың мақтанышына айналды. Ол көптеген очерк, өлең, әңгіме, повестерге герой болды. Ыбекеңнің ғибратты ғұмыры, атақ, даңқы  сөз өнері майталмандарына  шабыт беріп, материал беріп  ұнамды образға үлгі болғандығын дәлеледейді. Ыбекең Соиалистік еңбектің әрі мектебі, әрі ұстазы» [2.,68],- деген болатын.  Ы.Жақаев туралы оның образын жасаудағы көркем шығармалар қатарында: С.Мұқановтың «Сырдария» романы, А.Тоқмағамбетовтың «Ыбекең аралап жүр күріштігін», Ә.Тәжібаевтың «Портреттер», Н.Бегежановтың «Ыбекең нағыз батыр, ырысты адам» арнау жыры, З.Жайлыбайдың «Жамағат жадындағы Жақаев», А.Дәулетұлының «Ыбырай тағылымдары», Ж.Мусиннің «Ерлік дастаны», М.Ділмұхамедовтың «Ыбырай мектебі», О.Бәйімбетовтің «Шиелі шынарлары»,С.Шауқамановтың «Еңбек пайғамбарлары», диқанның дарынды ұрпағы, Алаш  сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбайдың «Адам қайраты» т.б еңбектерін  атап өтуге болады.   Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов өзінің “Сырдария” романын жазу үстінде Ыбырай Жақаевтың үйінде айдан астам жатып, атақты шығармасының бас кейіпкері ретінде дала академигінің мінез-құлқын, бітім-болмысын, өмір салтын зерделей зерттеген. Екеуінің арасында айтылмаған сыр, шертілмеген әңгіме қалмаған. Ақыр соңында әдебиет алыбы мен даңғайыр диқан сыйлас, қимас дос болып кеткен.  Ыбырай Жақаевтың дала академигі деген теңеуінің өмірге келуіне бірден-бір себепкер болған да С.Мұқанов. С.Мұқанов диханшыдан не себепті Сыр күрішін сыр сұлуына балайсыздар?,- дейді. Диханшы оның сырын академик жазушыға келісті қалпында баяндап береді: «Күріш өте нәзік дақыл. Қыз бала сияқты аялауды, тәрбиені, нәзіктікті қалайды.Басына дән байларда ешбір айқай-шуды, дөкірлікті қаламайды.Егерде дән байларда келеңсіз  құбылыстар болатын болса, дән күрмекке айналып кетеді » [3.,158]. Бұл романға арқау болған диқаншы мен жазушының арасындағы бір ғана әңгіме. 

Белгілі ақын А.Тоқмағамбетов Ы.Жақаев жайлы ойын былайша өрбітеді: «Ыбекең күрішшілік кәсіпке жасы елуден асқанда барып кіріскендігін көңілге бір түйіп қоялық. Жақсылықтың ерте, кеші жоқ деген осы да. Ол оқымаған, бірақ өмірден көп тоқыған кісі. Еңбектің көзін тауып, байлықтың өзін тапқан қайраткер. Еңбегімен өмірге өрнек салып, еңбегімен поэма жазған адам. Ыбекең төккен әрбір тамшы тер өзіне, еліне, халқына бақыт пен береке, абырой мен атақ, өнеге, дәстүр, ырыс болды, нан болды, ән болды, тіптен тарихтың өшпес беттері болды деуге әбден сияды. Диқан бабаның тұла бойы тұнып тұрған жақсылық, қасиет. Олай дейтінім, бір Ыбекеңнің өзі еңбек адамының қаншалықты құдіреттілігін, мүмкіншілігінің мол екенін көрсетті»[4.,146]. 

Ыбырай Жақаев – дән патшасы, ақ күріштің атасы, ол өзінің өшпес тарихын кетпенмен, термен жазған, бірнеше ғасырда дүниеге бір-ақ келетін адам.  Қазақтың қара шалының далалық дана ақыл ойымен, бойындағы Алланың аманаты мен сыйы – жойқын күш жігерімен, киелі, күректей қолымен, кәрі бәйтеректің жер бетіне шығып кеткен тамырындай салалы саусақтарымен қара жерді қарс айырып жасаған бұл рекорды бүкіл әлемді таңдандырды, таңғалдырды. Бұл рекорд өркениетке, озық технологияға, білімге, ғылымға бізден әлдеқайда бұрын жеткен жапондықтардың жағасын ұстатты, кәрістерді қайран қалдырды. Ақын Асқар:

Отыр, міне, ортамызда, секілді бір,


Тау биігі Гималай.
Рекорд жасап, бар әлемге аты шыққан,
Ер Жақаев Ыбырай”, – деп жырлайды.

Анасы Айманкүлді қатты құрметтеген, оның ән-жырын тыңдауға әдейілеп баратын диқан жайында жазушы-драматург Ә.Тәжібаев: «Жазмыштан озмыш жоқ, озудың да тіптен қажеті жоқ.  Ыбекең сом денелі, әр саусағы қамшының сабындай, қорғасыннан құйылғандай өте қарулы кісі болатын. Жастау кезінде күрестерге қатысып, белдескенін жыққан, жауырыны жерге тимеген кісі. “Ыбырай жүгіргенде жер дүрсілдейді”, – дейді екен әкесі. Ыбекең сабырлы, салмақты, ұстамды, ашудың емес, ақылдың, даудың емес, мәмленің адамы еді. Сөзге сараң, билік айтуға таласпайтын, көп көріп, көңілге түйгені мол болса да ақылгөйсінбейтін, сыр аша, сыр шаша бермейтін тұйық, жұмбақ тұлға-тын. Сөздің емес, істің адамы болатын» [5.,82]-, дей келе жыр шумақтарын арнайды:

Ағатай!
...Топырақтың, судың, жарықтың
Сырына қанық киелім.
Мен бүгін сексенге келген тойыңда
Ақ қырау басқан,
Аздап шаршаған басымды
Алдыңа келіп иемін [4.,96]

Сыр сүлейлерінің бірегей тұлғасы Нартай ақындай Еңбек Ері Ыбырайдың бейнесін ешкім сомдай алмас деп ойлаймын. Біреуі аға, бірі іні болып бір жүрген олар бір-бірінің сырын тамыршыдай білетін.Оның жыр жолдарында Ыбырайдың бүкіл өмірі кинолентадағыдай өтіп жатады.

...Халықтан шыққан талай ердің ері,

Ақылды данышпан да кемеңгері.

Ыбырай сен секілді жан туған жоқ,

Кең дала- жер мен судың иегері.

Жүз жетпіс центнерден сен бергенің

Күріштің тылсым сырын меңгергенсің.

Адамзат тарихында дәл өзіңдей

Ерекше Еңбек Ері мен көрмедім.

Сенің даңқың- маңдай тер, табан еттің

Жасыңнан еңбек сүйген, болдың жетім.

Ылайық- бақ қонуға, қыдыр дарып,

Жоқ еді денеңде бір арам етің.

Сондықтан сенің атың сақталады

Ұрпақтар атыңды айтып мақтанады....

 [5.,59],- -деп Ыбырайдың өткен ұзақ өмір жолына тоқталып, «Тағдырың сүйіндірсін ұзағынан» деп арнауын аяқтайды.

 «Сыр  маржаны» деп атау алған күріш дақылын өсірудің хас шебері ақ күріштің атасы Ы.Жақаев туған жер  төсіне қайың сапты кетпенімен нағыз ерлікке тән еңбек дастанын жазды. Ел Тәуелсіздігінің 25жылдығы ұарсаңына тұспа-тұс келген екі мәртпе Соиалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы, дала академигі атанған Сыр елінің мақтанышына айналған дүниежүзілік рекорд орнатқан даңғайыр диқан Ы.Жақаев бақытын еңбектен тапқан, қажырлы қайратымен елінің де, өзінің де даңқын шығарған кемел тұлға.  Сондықтан да оның енбектегі ерліктері біздер үшін үлкен тәрбие мектебі.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қаратаев М.Соиалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасауы. А.,Жазушы,1969.-410б

2.Мұқанов С.Таңд.шығ.16 томдық.-Алматы: Жазушы,1972-80

3.Тәжібаев Ә.5томдық шығ.жинағы. 5-т. А.,1983.-496Б



4. Бегежанов Н.2 томдық шығ.жинағы.А., 1989. -59 б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет