Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 209
Шәкәрім өзінің шығармашылығында Абайдың шығармаларына
тән болып келетін қоршаған ортадан түңілу мен жалғыздық пафосын
қабылдап алды. Зерттеушілердің дұрыс аңғарғанындай, «Шәкәрім-
де ағартушылық пен ақыл-ойға табынушылыққа сақтықпен қатынас
жасау басым, өйткені сырттан енгізілген батыстық құндылықтардың
сіңірілмегенін және қақтығыстардың көзіне айналғанын әлеуметтік
практика көрсетіп берді» [8]. Ойшылдың есептеуінше, ақыл-ой ру-
хани шабытты болуы керек. «Қазақ халқы үшін ол енді «ағартушы»
емес, адамгершілік пен даналыққа ұмтылған әркім үшін жанды
өзіндік «ағартушы», – деген ойды А.Әміребаев әділ түйіндейді [9].
Қазақ философының терең көзқарасына сәйкес, адамның жоғарғы
рухани мән-мағынаға қол жеткізуі ғана оны өмірде адам етеді.
Шәкәрім көшпелі өркениеттің соңғы ошағының қирауының
куәсі болды. Ол өзінің шығармаларында келмеске кетіп бара
жатқан рухани мәдениетпен қайғылана әрі мазасыздықпен
қоштасады. Ойшыл бұл жағдаймен терең қапаланды, өйткені көш-
пелі өркениеттің мәңгілік бейболмысқа енуі адамның жанын, оның
табиғат пен әлемді өз үйі ретіндегі қабылдауын күрт және кенет
өзгертеді. Дәл осыған орай Шәкәрім қазақтардың өзін, өздерінің
өмір тәртібін, оның үрдісін, оның мәнін өзгертуге, әрбір адамға
жаңа ахуалда тігін тигізетін жаңа сапаларға, қасиеттерге ие болу-
ына көмектесуге асықты. Ойшыл жаңа отырықшы өркениетті өмір
сүруге тура келетін өз тайпаластарына жаны ашыды. Бірақ соны-
мен бір мезгілде, оның адам мен әлемнің ажырамас тұтастығы бұл
жаңа тарихи дәуірге сіңіп кетуге мүмкіндік беретініне сенімі мол
болды, өйткені бұл тұтастық адам мен табиғат арасына алынбас
кедергілер қоятын, адамды өз болмысынан ажыратып жіберетін
техницизм жағдайында оны құтқаратын адамзат болмысының өзегі
болып табылады.
Шәкәрімнің айтуынша, адамның жаны, оның ақ пейілділігі,
тәртіптілігі, гуманизм адамның мәнінің, әлем мен адамның
болмысының негізіне айналуы тиіс. Сондықтан да ойшылдың
адамзаттық қасиеттердің ең тәуірі ретінде түсіндіре отырып, ұж-
данды әлемнің субстанциясы деп қарастыруы, адамды ар-ұятты
адамгершілікті етуге үйрететін ұждан ғылымын қалыптастыру тура-
лы әңгіме қозғауы тегін емес.
Ұждан ғылымы туралы Шәкәрім өзінің 28-жылдық зерттеу
жұмысының нәтижесі болып табылатын «Үш анық» философиялық
трактатында жазады. К.К.Бегалинова былайша дұрыс атап өтеді:
«Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырындағы шұғыл өзгерістік
кезеңде жазылды. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік