Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 217
Шәкәрімнің шығармашылық мұрасын талдай отырып, оның ру-
хани эволюциясындағы бір-бірімен едәуір айрықшаланатын ерте
және кейінгі кезеңдердің бар екендігін түйіндеуге болады.
Өз шығармашылығының кейінгі кезеңінде ойшыл өзінің фи-
лософиялық көзқарасын анағұрлым толық және терең білдіреді, дәл
осы кезеңде оның шығармаларының сопылық мотивтері байқала
түседі. Шәкәрім «Қырық жылдан өтіп жасым» деген өлеңінде өзі-
нің Құдаймен тұтастыққа ұмтылысын айтады, барлық шірігенді,
өткіншілікті тастап, Хақиқаттың бүкіл мәнін тану үшін отқа ұмтыл-
ған көбелек сияқты құдайдың қойнына түскісі келетін қалауын
білдіреді. Ол шумақтар төмендегідей:
Жарымның нұрына жанып, Тәнім көмір бола қалып, Жүрегімді жарып алып, Ағызды арамын, налын» [3, 257 б.]
Бұл жерде әңгіме Құдайдың қойнауында өзін жойып жіберу –
«фани» және өзін жойғаннан кейін Құдайда болу «бақи» жағдайла-
ры туралы болып отыр [15]. Шәкәрімде бұл жағдай жолаушы көбелек
сияқты отқа түсетін және ақырында оны күлге айналдыратын өзінің
сүйгенімен бірге жанатын алау ұғымымен байланыстырылады. Қазақ
ойшылы «фаниді» адамның жүрегін жаулап алған шынайы білім-
нің жарығы ретінде түсінеді. Яғни, ойшылдың пікірінше, «фани»
жағдайында жолаушының жүрегін шынайы білімнің жарығы,
шапағат жаулап алады, барлық кемшіліктер (адамға табиғи тән және
тіршілік өмірдің былғанышынан туындайтын) жойылады. Мұны от
жанып тұрған пешке қойылған темірдің балқуымен салыстыруға
болады, онда ол бұрынғы түрін жоғалтып, жаңа формаға ие бола-
ды. Мұндай жағдайда сопының санасында саңылау пайда болып,
фанидің ішкі әлемі ашылады, онда өзіндік сана мен индивидуалдық
жеке қасиеттер жойылып, сопы бейболмысқа енеді, экстазға түседі.
Шәкәрімнің пікірінше, Құдаймен кездесуге жетудің, экстаздық
екпінде Онымен қосылудың құралы дұға болып табылады.
Өзінің шығармаларында Шәкәрім онымен барлық қойылған
мәселелердің шешімін байланыстыра отырып, адам мәселесіне
қайта-қайта оралады. Оның түсінігіндегі адам – универсумның ең ке-
мелденген болмысы, сондықтан ол өзінің осы жазмышына лайықты
болуы тиіс, бірақ ойшыл бүкіл әлем мен адамның өзінің Жаратушыға
тәуелділігін, Жаратушының сарқылмас мүмкіндіктерін және бүкіл
болмыстың, оның ішінде адамның да Онан төмен деңгейлілігін үнемі
айтып отырады.