Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін – қайырымдылықпен, өзің қатарлыларға – ынсап тұрғысынан,
өзіңнен күшті адамдарға ақыл-оймен саналы қатынас. Ынсаптың
көмегімен адам өзінің құмарлықтары мен қалауын тізгіндей ала-
ды. Ынсап адамның ұстамдылығының негізгі қызметін атқарады,
бұл этикалық ұғым қанағаттың негізі түрінде көрінеді. Ынсап және
қанағат этикалық феномендерін адамның өзін-өзі кемелдендіруі-
нің, оның рухани–адамгершілік тұрғыда тазалануының және өмір-
дегі ең маңызды мақсаттардың бірі – бақытқа жетудің жолы ретінде
ұғындырылады.
Шәкәрімнің өз замандастарына бағытталған ізгілік пен кең-
пейілділік туралы, шынайылық пен шыншылдық туралы, қанағат-
шылдық пен адамзат тәрбиесі туралы, игілік пен бақыт туралы, со-
нымен бірге олардың антиподтары – қаталдықты, жалғандықты,
ашкөздікті, сараңдықты, тәккәпарлықты және өзге де жанның аз-
ғындануы мен надандығынан туындайтын күнәһарлықтарды сынауы
мен айыптауы бүгінгі күні де өз құндылығын жоғалтқан жоқ.
Бүгінгі заманның адамы үшін «Бәйшешек бақшасы» цикліндегі
«Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» өлеңдерінен алынған Шәкәрімнің
төмендегі шумақтары аса маңызды болып табылады:
«Бай, ұлық жуандарды бақты көрмек, Ол мисыз шолақ оймен баға бермек. Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Бұл үшеуі біріксе, сорды жоймақ, Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ» [3, 166 б.]
Өз артыңда жақсы ат пен жақсы із қалдыра білу ретіндегі
бақыттың шәкәрімдік түсінігінің де құндылығы мұнан бір де кем
емес. Ойшылдың пайымдауынша, жақсы ат өз халқыңа, оның
мүдделеріне қызмет етуді адами парыз және қасиетті міндет деп
түсінетін адамдардың артында қалады:
«Адамдық борышың, – Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны біл. ... Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң Шын бақыт – Осыны ұқ. Мәңгілік өлмейсің!» [3, 267 б.]