М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет230/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Монграфиялық зерттеудің авторлары Еуразиялық тарихи кеңіс-
тіктегі мәдени шығармашылықтың белсенді субъектісі ретіндегі қа-
зақ халқының рухани мәдениетіне ерекше ықпалы болған көрнекті 
тарихи тұлғалардың рөлі ашып көрсетеді. Олар әр тарихи өтпелі 
кезеңге тән әлемнің ұлттық құндылықтары көрсетіп, әлеуметтік, 
мәдени байланыстар, дүниетанымдық дәстүрлерге сыни тұрғыда 
философиялық талдау жүргізеді. 
Жұмыста қазақ халқының рухани тарихының дүниетанымдық 
келбетін толыққанды сипатта қалыптастыруға әрекеттер жасалды. 
Ғылыми жобаның зерттеушілері ұлттық мәдениеттің қайта түлеуі 
аясында қазақ қоғамындағы этномәдени дәстүрлері талданды, 
руханилықтың түркілік кезең мен қазақ философиялық ойының 
ерте дәуірден ағартушылыққа дейінгі тарихи кезеңіндегі ойшылдар 
еңбегіне тарихи-философиялық, герменевтикалық тәсілмен талдау 
жасау арқылы тарихи үдерістегі этномәдени және дүниетанымдық 
негіздері және қоғамдық маңызы көрсетілді. Сонымен қатар, қазақ 
халқының дүниетүсінігінің танымдық, дүниетанымдық сипаттағы 
жөнінде жалпы қорытынды жасалды. 
Түркілік рухани дәстүрдің құндылықтық мазмұнын зерделеу 
қазіргі таңдағы гуманитаристикада жалғасын табуда. Оның сұра-
нысқа ие болуы өткеннің мұрасы замандастарымыз үшін өзекті 
болуымен, біздің қазіргі кезеңіміз өткенің мәдениетімен тығыз бай-
ланысты болуымен астасып жатады. «Қазақстан-2050» Стратегия-
сы біздің қазіргі кезеңіміз бен біздің өткенімізді байланыстырушы 
дамудың магистралды векторды анықтады, өткеннің дауысының ка-
мертонын қазіргінің симфониясымен байланыстырды. Оның негізгі 
ұстанымдары – мәдени мұраға деген ұқыптылықпен қараушылық, 
мәдени байлығымызды көбейту, дәстүр мен мәдениетті ұлттың 
генетикалық коды ретінде түсіну – осының барлығы Қазақстан 
мелекетінің мәдени саясатын айшықтайтын белгілерге айналды 
және сонымен қатар оның өткеннің рухани және материалдық мә-
дениетіне қатынасының мәні мен мазмұнын анықтады. 
Қазіргі жағдайдағы түркітілдес елдердегі сұхбат тарихи тәжіри-
беге сүйене отырып қарастырсақ мәдени диалог ретіндегі болашағы 
үлкен, өйткені түркілік әлемнің мәдени парадигмасында негізгі руха-
ни бастаулар бар – олар түркі тілдері мен түркілік дәстүрлер. Түркі 
әлемінің зияткерлік әлеуеті зор, ол жалпыәлемдік мәдени кеңістікте 
жүзеге асуда және ол әлемнің мәдениетке түркілердің қосқан үлесі 
қомақты болғанына қарамастан өзінің жалғасын табуда. 
Қазақ халқының қоғамдық өзіндік санасындағы, рухани өмірін-
дегі, барлық халықтардың рухани келісімін қамтамасыз етуде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет