2.Оқу пәннің сипаттамасы: Философия курсы бакалавриаттың барлық мамандықтарына жалпы міндетті пән болып табылады. Оны оқу барысында студент философияның негізгі даму кезеңдері, қазақ халқының философиялық ойының ерекшеліктері туралы білім алады, философияның негізгі мәселелерімен, ұғымдарымен және категорияларымен танысады.
Заманауи маманды даярлау жүйесінегі философияның рөлі оның зерттеу нысанымен, яғни адам және оның табиғат пен қоғамға қатынасымен айқындалады. Ол адамның дүниетанымдық, ізгіліктік және өмір мәндік бағдарларын қалыптастырады