Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін ҚОРЫТЫНДЫ Бүкіл әлемді, оның ішінде Қазақстанды қамтыған жаһандану
дәуірі өткен замандардағы қазақ ойшылдарының философиялық
мұрасына назар аудару және оны қазіргі уақыттың талаптарына
сәйкес философиялық зерделеулерден өткізу бүгінгі өмірдің ең өткір
міндеттеріне жауап береді. Бірегейлікті сақтау үдерісі, жаһандық
әлемде дербес және орнықты жолды табу қоғамдық санаға өзіміз-
дің төл тамырларымызды тереңірек пайымдауды өзектендіреді.
Жаңарған қайта зерделеуге назар аудару және оны заманауи
үдеріске телу қазіргі кезеңнің адамгершілік сипатын қалыптастыру-
ға және оның мағынасын түсінуге береді және болашаққа қарай
дамуымыздың бағыттарын анықтауға көмектеседі.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің кекжиегінің кеңеюі-
мен бірге тарихи-мәдениеттанулық, философиялық және жалпы
әлеуметтік гуманитарлық зерттеулердің ауқымы кеңіді. Филосо-
фиялық ізденістердің бағыттары көп түрлі және көп векторлы
бола түсті, қазақ философиясын ұлттық ойлау дәстүрімен рефлек-
сиялау арқылы әзірлемелеу мүмкіндігі пайда болды. Әрбір дәуір
болмыстың «мәңгі мәселелеріне» өзінше жауап беруге тырысады,
бірақ оларға тікелей «мәңгі жауаптар» жоқ екені белгілі. Қазақ
философиясы осы зиятты рухани тәжірибені сақтап келді және
оны музейлік реликвия ретінде емес, бүгінгі күннің негізі, өткенді
ғылыми игерусіз болашаққа қадам жасай алмаймыз, болашақта
өткеннің сабағын ескермей болмайды. Әл-Фарабиден Абайға дейін-
гі кезеңдегі қазақтардың рухани әлемін зерделеу қазіргі жағдайда
ұлттық бірегейлігімізді анықтау үшін маңызды және Қазақстан
халқының бірлігін бекіту үшін керек.
Аталған тақырыпқа арналған ұжымдық монографияда қазақ
этносының таңдалған тарихи кезеңде құндылықтық тұғырлардың
қалыптасуы мен дамуының сипаттамасы беріліп, олардың ұлы
ойшылдардың шығармашылығында көрініс тапқаны көрсетілді.
Жұмыста қазіргі кезеңдегі жаңа ғылыми зерттеу тұрғыларының,
тарихи реконструкциялаудың әдіснамалық тәсілдерін қолданылуы
арқылы, сонымен қатар философиялық компаративистика мен
философиялық және этносаяси ой тарихын зерделеу негізінде руха-
ни өмірді зерттеудің жаңа құндылықтық парадигмасы айқындалды.