Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қ о р ы т ы н д ы 223
және қазіргі Қазақстанның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
исламның рөлі зор және қазіргі таңда дәстүрлі түрде жоғары болып
қала бермек. Қазіргі таңда еліміздің гуманитарлық кеңістігінде әл-
Фараби мен Абайдың шығармашылығын олардың исламдық дүние-
танымын жаңаша қарастыру арқылы оқудың мүмкіндіктері пай-
да болуда. Әл-Фарабидің және түркі және қазақ Даласының басқа
ойшылдарының шығармашылығы арқылы ислам басынан толерантті
және демократиялық сипаттағы болғандығы философияның дамуы
мен гүлденуін қамтамасыз еткені жайлы жалпы тезис барынша
айшықталды.
Ұжымдық монографиядағы идеялар мен қорытындылар жоғары
теориялық және тәжірибелік мәнге ие болады. Олардың теория-
лық маңыздылығы ғылыми-біртұтастық тұрғыда қазақтың рухани
әлемінің негізігі бағыттары мен сипатты қырларын анықтауда болып
отыр. Практикалық тұрғыда идеялардың маңыздылығы еліміздегі
Қазақстан Республикасында өркениетті түрде қалыптасып келе
жатқан ұлтық тарихты зерделеуді әрі қарай дамытумен, ғылыми
өрбітумен байланысты іргелі қағидаттармен астасып жататын
мәселелерден тұрады.
Бұл қадам ұлттың ішкі және рухани өзін-өзі түбегейлі анықтау
мәселесі қарастырылатын жаңа даму кезеңіне шығып отырған
Қазақстан үшін үлкен мағына береді. Алынған нәтижелерді ғылым
мен қоғамдық тәжірибе салаларында толық пайдалану тек мүмкін
ғана емес, ол толық пайдаланылады. Мәселен, руханилық пен ру-
хани сабақтастықты жаңаша түсінуді елдегі білім беру үрдісіндегі
әдіснамалық және дүниетанымдық мәселелерді шешуде тарих, эти-
ка, этнопсихология, этнология, философия тарихы, мәдениеттану,
этнопедагогика сияқты салаларда пайдалануда үлкен мүмкіндіктер
ашылатыныны анық. Зерттеудің нәтижелері белгілі бір дәрежеде
Қазақстан Республикасындағы рухани келісім бағдарламасын
жетілдіру мен дамыту үшін, рухани-адамгершілік қауіпсіздігін
нығайтуға, сонымен қатар қазақ халқының мәдениет ескерткіштері
мен тарихи жадын сақтау үшін ұсыныстар беруде толық пайдалануға
болады.
Қазақ халқының тархы бойынша көптеген іргелі кітаптар жа-
зылды, бірақ бұл зерттеу жұмысының өзінің ерекшеліктері бар және
онда тарихи-философиялық, герменевтикалық тәсілмен талдау жа-
сау арқылы тарихи үдерістегі этномәдени және дүниетанымдық
негіздері және қоғамдық маңызы көрсетілді, нақты тарихылық
және әртүрлі дәуірлердегі рухани мәдениетті салыстырмалы талдау
арқылы құндылықтық-мағыналық талдау жасалады.