Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін масаңдану сияқты сөздердің мистика-аллергориялық сипатта бола-
тыны және өзіңді ұмыта отырып Құдайға табынуға дейінгі шаттық-
ты білдіретіндігін ескеру қажет. Сопының махаббаты барлығын
қамтиды және шексіз. Оның шекарасы жоқ, өйткені ол білім көзі
ретінде таусылмас кәусар бұлақ. Ақиқат қаланатын, бірақ бой жет-
пейтін ару қыз сияқты, әрқашан да қол жетпейтін бұлдыр сағым.
Шәкәрімнің «Иманым» цикліндегі «Әбден толып жарық ай»
өлеңінде Хақ (Ақиқат, Құдай) дәл осындай мистикалық-аллер-
гориялық мағынада көрінеді, онда «жар» («ғашығы», «сүйгені»)
сөзі «Ақиқатты» білдіреді. Шәкәрім өзінің сопылық көзқарастарын
білдіре отырып, жазады:
«Кімге келсе бір бәле – Жар жіберген көлеңке. Жақсылық болса егерде – Жар нұрынан бір сәуле. Бұл әлемнің әр түрлі, Бөлек емес ешбірі. Бәрі де жардың бір сыры, Не көлеңке, не нұры» [3, 256 б.]
Шәкәрім бойынша, жалғыз нақтылық Құдай болып табы-
лады, ал қалғанының барлығы онан шағылысқан шұғыла. Бұл
қағиданы түсіндіре отырып, сопылар Құдайды шамның айна-
лар шоғырындағы бейнеленуімен салыстырғаны белгілі. Тек шам
ғана нақтылы, ал оның бейнелері, оған қатысында ештеңе емес:
шам болмаса оның бейнелері де болмайды. Бұл қағиданың ең ба-
сты идея «болмыстың тұтастығы» – «вахдат ал – вуджуд» болып
табылатын сопылық ілімдегі анағұрлым ықпалды онтологиялық
концепцияға қатысы бар. М.Т. Степанянц осы концепцияны сипат-
тай отырып, оны «мистикалық пантеизм деп анықтауға болатын
діни-философиялық ілімдердің түріне жатады» – деп жазады [13].
Ал мұны О.Ф.Акимушкин басқаша анықтайды: «вахдат ал-вуджуд»
дегеніміз мистикалық монизмнің ғана теософиялық концепциясы,
ешқандай пантеизмнің емес, ол онан барынша қашық» [14].
Осыған орай, біздің көзқарасымызша, кез-келген ойшылдың
философиялық көзқарастарын бағалағанда, оның ұстанымдарын
қандай да бір әдеттегі философиялық рубрикаға жатқызуға ұм-
тылып, біржақты және кесімді түрде анықтауға болмайды, өйткені
кез-келген анықтама берілген пәндегі қырлардың сананың шексіз
көптігіне қарамастан тек біреуін немесе бірнешеуін ғана қажетті
түрде ерекшелейтіндіктен, әдетте мұны іске асыру өте қиын.