ОҚушының бос уақытын ұйымдастырудағы жаңа бағыттар мен мерекелік қойылымдар төлеуғалиева А



Дата10.06.2017
өлшемі70,65 Kb.
#18441
ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР МЕН МЕРЕКЕЛІК ҚОЙЫЛЫМДАР
Төлеуғалиева А., 5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 1 курс студенті

Ә.Қ.Қоспағарова

Ғылыми жетекшісі аға оқытушы, магистр
Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.

Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық - адамгершілік қасиеті мол, сондай - ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.   Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет - салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп - тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне - өзінің сенімін нығайтып, өзіне - өзінің жол ашуына түрткі жасау.

Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы - бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу»- ата - анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.
Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін - өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік - педагогикалық шешуге көмектеседі.

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай - ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата - ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой - өрісі мен іс - әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Кітапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік.Оқушылардың бос уақытына кинозал қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда. Бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр - түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие  жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады.

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

Мысалға алар болсақ жаз мезгілі кезіндегі демалыста оқушыларға арналған көптеген лагерьлер ұйымдастырылады. Лагерьлер көңілді әрі есте қаларлықтай болып өткізілуі үшін көптеген мерекелік кештер, концерттік бағдарламалар немесе қойылымдар қоюға болады.

Қыздар арасында «Арулар байқауын» немесе жігіттер арасында «Жігіт сұлтаны» сынды шаралар ұйымдастыруға болады. Барлық оқушыларда топтарға бөліп спорттық шараларын өткізуге болады. Бұл шаралар оқушылардың шығармашылық және өнер жағынан дамытуға көптеген септігін тигізеді. Ал ой өрістерін дамыту мақсатында дөңгелек үстел,дебат,пікірталас сынды тәрбие сағаттарын өткізуге болады. Көптеген зияткерлік танымдағы шараларды ұйымдастырған жөн.

Заман талабына сай қазір әрбір үйде жаңа технологиялар бар. Балалар интернет арқылы өздеріне керекті мағлұматтарды оңай әрі тез ала алады. Өздерін қызықтырған шараларды мектепте ұйымдастырайық деп ұсыныс жасап, ұстаздармен бірге өткізіп жатады. Мысалы: «Менің арманым» атты шараның өткізілуі ерекше болды. Мұнда балалар жұптаса отырып, өз армандарының қалайша іске асатынын презентация арқылы қорғай отырып, жарысты. Бұл жарыс сыныптар арасындағы жарыс болғандықтан барлық сынып оқушылары атсалысты. Жарыс өте қызықты әрі сәтті шықты. Коллективті жарыстың бірі жылда өтетін «Әдемі, сұлу, сазды би ғажабы» атты би жарысы.Ұлттық биден бастау алып түрлі ұлттардың биімен астасып,түрлі жанрлардағы билерге ұласып өтетін бұл жарысқа жылдан жылға қатысатындардың саны артып келеді. Баланың логикалық ойлауын дамытып отыру үшін тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарын жандандырып жатырмыз. Бұл ойындарға да балалардың қызығушылығы артып келеді. 30 минуттық үзілісте балалар өз үйлерінен алып келген шашки, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын алып,ойнап отырады.

«Мереке» ұғымы – «қойылым» ұғымының ауқымынан анағұрлым кең. Мереке әрқашан кең, белсенді және шығармашыл адамдардың қатысуымен айқындалады. Ол өте кең ауқымда таралып, жергілікті сахналық алаңда ғана өтпейді, оның ауқымы шексіз. Ал қойылым мерекеге қарағанда әрқашан сахналық алаңда орындалып, айқын шекараларға ие, халықтық топтың орындаушылар мен көрермендерге жіктелуін қарастырады.

Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, мерекені тойлау рәсімі біздің елде күннен күнге гүлденіп, дамуда.

Адам әрқашан түрлі өнер, шығармашылық арқылы өз сезімдерін білдіруге, әлемде болып жатқан оқиғаларға жауап қайтаруға ұмтылатын. Асылы, бұл адам санасына түсініксіз табиғат құбылыстарына арналған әнұран күйінде болды. Бізге жеткен тастағы суреттер арқылы, ауыз халық әдебиеті мен аңыздарда отты қоршап билеу, құрбандыққа шалу, т.б. рәсімдер мен дәстүр элементтері сол кездері пайда болған.

Осылайша, өнер тарихынан барлық дәуірде, барлық елде адамдар үшін көпшілік қатысқан көріністер, қойылымдар мен мерекелердің маңызды болғаны мәлім.

Сондықтан болар әлеуметтік педагогтар ойындар іс-әрекеті сыртқы  қажеттіліктермен бірге, баланың ішкі қажеттіліктеріне (қызығушылығына, сұранысына) көп байланысты болады деп түсіндіреді.

Жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырушы мекемелерге ойындар арқылы олардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытудың мынадай жолдарын ұсынуға болады; ойындар апталығын, ертегілі ойын ұлттық ойындар мерекесін, сауық қойылымдарын т.с,с.

Қорыта келе айтпағымыз, тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Г.Қажиева «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы  сауықтыру  жұмыстарын  ұйымдастыру»   әдістемелік құралы-А: 2010ж



2.М.Жұмабаев Педагогика – Алматы: Мектеп, 1990 ж.
3. Е.Сағындықов Қазақтың ұлттық ойындары Алматы « Рауан»1991ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет