М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет216/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
талаптарына сәйкестендіріп, терең ұғынуға және пайымдауға септі-
гін тигізеді деп санады. Ойшылдың пікірінше шынайы игілікке 
ғылым арқылы жетуге болады. Мысалы: 
Ғылымсыз адам – айуан, 
Не қылсаң да ғылым біл... 
... Күні-түні дей гөрме, ғылым ізде, 
Қалсын десең артыңда адам атың
[3, 251, 93 бб.] 
Біз жоғарыда айтып өткендей, адам мен оның қоғамдағы 
жағдайы, адам мен оның өмірдегі тағдыры, адам мен оның адам-
гершілік қасиеттері Шәкәрім үшін, оның төңірегінде ойшылдың 
философиялық идеялары айналып жүретін мәселелердің желісіне 
айналды. Адам мәселесінен шыға отырып, қазақ философы адам-
ның ақыл-ойынан, оның құмарлықтары мен көңіл-күйлерінен, пси-
хикалық жағдайынан, мінез-құлқынан, қылықтарынан және т. б. 
көрінетін тәндік және рухани субстанцияның байланысын, жан мен 
тәннің тұтастығын пайымдайды. 
Шәкәрім үшін адамның мұраты – бұл адамгершілік тұрғыда 
жетілген адам, ал адамгершіліктің үлгісі (эталоны), қайырымдылық 
пен зұлымдықтың таразысы өзінің шынайы «меніне» ие болуға, 
өзін-өзі тануға жету жолын жетілдіруге қабілетті адамның өзі бо-
луы тиіс. Адам мен адамзатты адамгершілік тұрғыда жетілдіруге 
деген үмітке, гуманистік идеалдарға толы, адам мен оның дамуын 
жаңартудың жолын іздестіруге бағытталған мынадай шумақтар 
Шәкәрімге тиесілі: 
Мейірім, ынсап, ақ-пейіл, адал еңбек, – 
Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.
* * * 
Тамам жанның мінін айт, 
Жалған айтпай, шынын айт. 
Аяп, ішің жылып айт,
Адамды бастыр ілгері!
[3, 151 б., 159 б.] 
Кемелденген адам туралы қазақ ойшылының толғаныстарында 
адамның рухани жетілдірілуі маңызды орынға ие болады. Бұл 
үшін, Шәкәрімнің пайымдауынша, адамның рухы оның құмар-
паздықтарынан үстем болуы тиіс, өйткені пәннің қалауы өткінші 
және тек тұрпайы ақиқаттарды білдіреді, ал рух мәңгі ақиқаттарға 
ұмтылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет