Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 195
Абай қазақ философиясындағы жаңа дүниетанымның, адам
мен оның әлемдегі орны анықтаудың жаршысы болды. Ол өзінің
шығармашылығында қазақтардың армандары мен ойларын, адам
өмірінің сол дәуірге сәйкес келетін философиясын, оның болмыс,
мораль және этика туралы түсініктерін айшықтай білген
.
Сондық-
тан Абайдың этикалық ілімін қазақ философиялық ойының негізі
және өзегі деп айтуға болады.
Бүкіл әлемді және Қазақстанды да көмкеріп отырған жаһандану
дәуірінде өткеннің философиялық мұрасына, оның этикалық және
эстетикалық зерделеулеріне қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес на-
зар аудару заманауи өмірдің міндеттеріне барынша мағыналы жау-
ап береді және ол болашаққа деген қадамдардың бағыттарын анық-
тап отырады.
Шығыстың даналығы поэзияға жақын және терең философиялық
идеяларды көркем формалармен өрнектей отырып әруақытта құрғақ
рационалдылықтан, салқын жүйелеліктен аулақ болаға ұмтылады.
Қазақтың кемеңгер ақыны және ойшылы, философы және гуманисті
Абай сондай тұлға еді. Ж.М.Әбділдин атап өткендей ол «өз халқының
рухани мәдениеті мен ойлауын жаңа сатыға көтерді, жаңа рухани
кеңістікті ашты, шындықты көркем игерудің бұрын белгісіз болып
келген үлгілерін әзірледі» [3, 353 б.].
Шыныменде Абайдың рухани ізденістерінің орталығында
әлем мен адамның түбегейлі жаңғыруы, адамның шығармашылық
күштерін оятуға қабілетті жаңа құндылықтар мен бағдарларды
іздеулер арқылы оны асқақтатуы, басқа мәдени әлемдермен
қарым-қатынастарға итермелеуі орналасқан. Абайдың туындыла-
ры халқымыздың дәстүрлі мәдениетіндегі дүниелерден түбегейлі
айырмашылыққа ие болды. Ол дүниетанымдағы жаңа ойлау жүйе-
сін негіздеді, өзгеше этикалық және эстетикалық құндылықтарды
қалыптастырды, қазақтар үшін өмірдің, болмыстың және жаңа мұ-
раттардың жаңа ұстанымдарын ұсынды. Оның шығармаларында
сынның нысаны ретінде қазақтар, қазақ қоғамы алынған. Әрине, бұл
жағдай жалпыадамзаттық құндылықтарды көтерудің, адамзаттың
түбегейлі мәселлелерін өзектеудің, жақсылық пен әсемдікті дә-
ріптеудің өзіндік ерекше формасы болатын.
Абайдың шығармашылық мұрасы терең философиялық идея-
ларға толы: ол Шығыста негізгі философиялық мәселе болып та-
былатын адам мәселесі төңірегенде ой толғайды, адамгершілік
қасиеттер жайлы ілімді дамытады, адамның адамгершіліктік
жетілуінің гуманистік пинциптерін алға тартады, эстетикалық
мәселлелерді зерттейді. Абай туралы айтқанда, оның бірегей руха-