Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
ни әлемі болғанын атап өткен жөн және оның өзегінде адам мәселе-
сі орныққан болатын. Адам мәні, оның этикалық және эстетикалық
келбеті, оның өмірінің мақсаты мен мағынасы, сезімдер әлемі мен
зердесі ойшылды терең толғандырды.
Абай көркем сөз бен поэзияның мағынасын ерекше биікке
көтерген тұлға. Ол кез келген сәтке арнап өлең жазған, байлар мен
күштілерді мадақтаған ақындарды, «әннің алтын сөзін жезге айнал-
дырды» [4, 7 б.] деп сынға алып отырды. Ойшылдың пайымдауынша
көркем, поэтикалық сөз қарапайым тіршілік етудің көзіне айналма-
уы тиіс, өйткені оның міндеті жоғарыдан және құдайдан, ол сонымен
қатар жүректі қозғап, жан дүниені күйдіруі керек. Сондықтан поэ-
зия өмірді бейнелеу керек екеніне, ақиқат пен жақсылықты қорғауға
тиістілігіне, жамандық пен пендешілікті айғақтап отыруы екендігіне
философ толық сенімді. Әрине, әсемдікке деген ұмтылыс ұлы
Абай шығармашылығының мәйегін құрайды, ал оның философия-
лық, этикалық және эстетикалық принциптері болашақтағы қазақ
философиялық ойының дамуының негізі мен өзегіне айналды.
Абай жөнінде, бұл – «адам» дейтін орталық нүктеге қарап, тепе-
теңдік ұстайтын тұтас әлем, Абай ғарышы деу жөн. Адамшылық
мәні, оның этикалық һәм эстетикалық келбеті, өмірінің мәні мен
мағынасы, зерде мен сезім дүниесі ойшылды тебіренте толғантқан.
«Абайға келгенде, ... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль, филосо-
фиясына тікелей қатысы бар» толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді,
әр сапалы, терең ойлы пікірлері бар екені даусыз. Біздің білуімізше,
Абайдағы философиялық көзқарастың көбі адамгершілік, мәселе-
сіне тіреледі», – деп жазады М.О. Әуезов [5, 171 б.].
Бұл пікірді мақұлдамау қиын, өйткені адам проблемасы және
оның қоршаған дүниеге қатынасы, өмірінің мәні философияның
жалпы өзегін құрайтыны, оның басты эерттеу нысанасы болып та-
былатыны ежелден белгілі жәйт.
Абай үшін негізгі мәселе – адам
проблемасы, ол және де кең ұғымда алынған. Дәлірек айтсақ,
философиялық мәселенің бір-бірімен тығыз байланысты, сабақтас
этикалық, эстетикалық, әлеуметтік, гносеологиялық және басқа
қырлары болғандықтан адам проблемалары, проблематика, адам
проблемалары жиынтығы тұрғысынан келеді.
Сонымен, біз адамды Абайша түсінудің тұжырымдарына бел-
гілі бір анықтама беруге ұмтыла отырып, бұны жасау қиынның
қиыны екендігіне көзіміз жетті, шынын айтқанда, «осы ұғымды
анықтаудың», – жалпы қажет емес пе деп ойладық, өйткені: бұл оны
тарылтып, төмендетіп жіберетіндей. Тіпті кез-келген анықтаманың
өзі – қажеттілікке орай қолға алынған заттың тек бір ғана немесе
|