М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет195/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
189 
«Мұсылманшылдықтың тұтқасы» («Шарият-ул-Ислам») еңбе-
гінде Ы. Алтынсарин мұсылман құқығының, моральдің нормала-
рына, діни ережелер мен ғұрыптарға объективті-сыни тұрғыдан 
баға береді, себебі, ол діни принциптерді ғылыми тұрғыдан тү-
сіндірмей халық бұқарасын фанатизм мен надандықтан құтқаруға 
болмайтындығын ұғына білді.
Аталған еңбегіне жазған алғысөзінде ағартушы адам не діннің 
алдында бас июі, немесе, оны мойындамауы керектігін айтады. Бұл 
кітап төрт бөлімнен тұрады: 
1) Иман, яғни, сенім, ол мұсылман ілімі бойынша неден тұра-
ды; 2) құдайға құлшылық ету, 
(агмал-захир)
яғни намаз оқу, ора-
за ұстау, кедейлерге садақа беру, қажыға бару жағы көрсетіледі;
3) адамгершілік жайы, ізгі жандар мен пайғамбарлар туралы;
4) намаз, ораза үстінде, басқа жағдайларда оқылатын арабша аяттар 
қазақ тіліне аударылып беріледі [11, 80 б.]
.
Алтынсариннің айтуынша бұл кітап көптеген деректерді терең 
зерттеу, сыни тұрғыдан талдау негізінде туындаған. Мұсылманның 
бес парызын (
сенім мен иман келтіру, бес уақыт намаз, ораза, зе-
кет, қажылық
) қарастыра отырып ойшыл түсінбеген адамдар 
үшін олардың кейбір келеңсіз жақтарын да көрсетеді. Ыбырайдың 
еңбектерінде дін – негізгі себептері адами, өмірлік қатынастардан ба-
сталатын тарихи құбылыс ретінде қарастырылады 
[11, 105 б.]
.
«Мұсылманшылдықтың тұтқасы» («Шарият-ул-Ислам») кітабы 
Құранды діни-догматикалық тұрғыдан түсіндіруден ада, оның маз-
мұнын талдау кезінде ойшыл өз назарын Ислам негіздерінің діни-
насихаттық уағыздарына емес, оның моральдық-этикалық жағына 
аударады.
Бізге 
«Мұсылманшылдықтың тұтқасы» («Шарият-ул-Ислам») 
еңбегі мұсылман ілімі туралы оқулықтан гөрі, қазіргі күні діннің 
пайда болуы мен негізгі мақсаты объективті-шынайы тұрғыдан баян-
далатын діннің тарихы бойынша оқулықтардың бастапқы түрлері-
не көбірек келіңкірейтін сияқты
. Алтынсарин өз кітабында қалың 
бұқараны зайырлы білім алуға шақыратын дінтанушы ретінде 
көрінеді. Себебі, ол дін тарихы туралы Батыс Европаның, сондай-
ақ орыс қоғамының революциялық-демократиялық ілімдерінің 
жетістіктерін жақсы білген 
[12]
.
 
Жалпы алғанда Ы. Алтынсарин өмірдің қай аспектісін қарастыр-
са да, ол оны халықтың өмірімен сөзсіз байланыстыра және қазақ 
қоғамының алдында тұрған міндеттер көмегімен шеше білді. 
Ы. Алтынсарин: «Қазір қазақтардың қоғамдық ахуалын күйретіп, 
олардың болашағын бұзатын зұлымдықтың бәріне бірдей қарсы тұру 


190


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет