Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 187
ның құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очер-
кі»
және
«Орынбор ведомствосы қырғыздарының
жерлеу және ас
беру
кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі»
еңбектері жазылды. Олар
ағартушылар мен ғалымдар ортасында жоғары бағаға ие болды.
Бұл баяндамалар алғаш рет оқылғанда Орыс география қоғамының
Орынбор бөлімшесіне жиналғандар: «Қырғыз көшпелілерінің
арасындағы некенің барлық шарттары мен мәселелері айтылған
шынайылық, әңгімелеудің ақиқаттылығы, онан соң түсіндірілу
тілінің ұғынықтылығы – міне осының барлығы, жалпы жиналыстың
пікірінше - Алтынсарин мырзаның мақаласын тұрмыстық өмірі
әлі аз зерттелген қырғыздар этнографиясы бойынша құндылықты
зерттеуге айналдырады. Бұл айтылғандардың барлығын ескере
отырып жалпы жиналыс оның мақаласын Географиялық қоғамның
мерзімді баспасөзінде жариялауға ұсынады» деп баға береді
[10]
. 1868 жылдың наурызында баспасөзде бұл жұмыс жарияланғаннан
соң рецензент Вл. Плотников ол турасында: «Қырғыздардың өмі-
рінің тұрмыстық ерекшеліктерін сипаттайтын мағлұматтардың
молдығымен сөзсіз қызығушылық тудырады және бұл халықтың эт-
нографиясы үшін бай материалды қамтиды»
[2, 20 б.]
– деп жазды
. Аталған еңбектер бүгінгі таңда қазақ халқының өмірі мен тұрмысын
зерттеу әлдеқайда алға басып кетсе де өзінің этнографиялық
құндылығын жойған жоқ. Ол Ыбырай Алтынсариннің ғылымдық-
танымдық ізденістері шеңберінің әр алуандығын және оның тама-
ша қабілеттерін көрсетеді.
Этнография саласы аса кең көлемді: оған біздің көзқарасы-
мыз бойынша шектеулі сипатта қамтитын мәселелер – ертегілер,
әндер, мақалдар, үйлену ғұрыптары, наным-сенімдер, яғни халық
тұрмысының археологиялық және сыртқы жақтары ғана емес,
оның қазіргі заманғы қоғамдық және экономикалық шынайылығы,
қоғамдық діни түсініктері және ойлаудың халықтық сипаттарының
қазіргі мазмұны да кіреді, бұл біздің өркениеттің болашақ жетістіктері
арқылы өзінің дамытылуын күтуде. Ыбырай Алтынсариннің бұл
аталған еңбектерін тек этнографиялық еңбек деп қана қоймай
философиялық көсемсөз бен қазақтың рухани мәдениетіне де қосқан
құнды үлесі деп атауға болады.
«Очеркте» құда түсу мен үйлену ғұрыптары аса қызғылықты
жазылған: «...Күйеу жігіт қалыңдыққа барар кезде барынша сәнді
де бай киініп, ең жақсы атқа мініп, ол атқа ең әдемі, таза күмістен
жасалған, ал ол болмаса күміс жалатылған әбзелдер тағылуы ке-
рек... Күйеу жігіттің жанында екі, немесе, үш жолдасы болып,
олардың біреуі, үлкендік мәртебесін иеленіп, шаруашылық жарлық