М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет192/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
дің даму заңдылықтары адамдардың саналы іс әрекеттерімен 
тығыз байланыста. Адамдар санасына өткен заман өзінің ерекше 
ізін қалдырады, сондықтан да қоғамдық тәртіптің құбылыстары 
табиғат пен жаратылыстану ғылымдарының заңдары секілді оған 
сөзсіз ықпал ете алмайды. Сол себепті Ыбырай Алтынсариннің 
жеке тұлғасына, оның шығармашылығына, эпистолярлық және 
публицистік мұрасына жаңа мыңжылдықта – ХХІ ғасырда қайта 
көңіл аудару сөзсіз қажетті іс. 
Алтынсарин XIX ғасырдың 70-жылдарының өзінде қазақтың 
жаңа көркем әдебиетінде жаңаша бастаманың негізін салды. 1868 
жылы ол алғашқы 
прозалық
және 
этнографиялық
шығармалары: 
«Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы 
кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі»
және 
«Орынбор ведомство-
сы қырғыздарының 
жерлеу және ас беру 
кезіндегі әдет-ғұрыптары-
ның очеркін»
 
[4, 41 б.] жазып, оларда сол замандағы қазақ халқының 
шынайы өмірін, тұрмысы мен дәстүрлерін көрсетті. Тақырып пен 
әдебиет жанрын таңдауда ол ең алдымен оқу-тәрбие жұмыстарын 
басшылыққа алды. 
Қазақ халқының өмірін, сонымен бірге сол қоғамның түрлі 
әлеуметтік жіктері мен топтарының психологиясын жақсы білген 
Ыбырай проза жанрында, оның ішінде 
– «Олақтық»,»Надандық», 
«Қара-батыр», «Жәнібек-батыр», «Жиренше-шешен», «Ізбасты», 
«Байұлы», «Қарақылыш» «Байсалдылық», «Лұқпан Хакім», «Масақ» 
секілді қысқаша әңгімелерінде – мақтаншақтық, сараңдық, надан-
дық, өтірікшілік, ақымақтық, сөзге тұрмаушылық, менмендік се-
кілді адам бойынан кездесуі мүмкін жаман әдеттерді сынға алады. 
Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде ешбір адам көшпелі қазақтар-
дың тұрмысын қарапайым тілмен және кең көлемде түсінікті етіп 
анық түсіндіре, оларға тән мінез-құлыққа сипаттама бере алмады. 
Реалист жазушы өз оқырмандарының бойында шынайылыққа сыни 
тұрғыдан қарауды тәрбиелеп, оларды тіпті күнделікті құбылыстар-
ға ойлана қарап, жаңаша бағалауға итермелейді, ойына, танымдары-
на мол азық береді.
Алтынсариннің хаттары мен ол туралы естеліктерден Ыбырай-
дың халықтың рухани өмірін жіті қадағалағандығы мен оны 
терең түсіне білгендігін көре аламыз. Профессор А.Ф. Эфиров: 
«Алтынсарин өз халқының патриоты бола білді» [9], – деп жаза-
ды. Өз халқын сүйе, оның қайнаған ортасында бола отырып, ол 
халықтың дәстүрлері мен ғұрыптарын, ауыз әдебиетін мұқият зерт-
теп, бұл бақылауды жүйелі түрге келтірді. Оның этнографиялық 
зерттеулерінің нәтижесінде 
«Орынбор ведомствосы қырғыздары-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет