Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін рын қозғайды. Айтылғандар Алтынсариннің эстетикалық тәрбиеге
үлкен мән берген жоғары мәдениет иесі екендігін көрсетеді. Ыбырай-
дың жоғарғы интеллектісі, тәрбиелілігі мен қарапайымдылығы оның
барлық хаттарынан көрініп тұрады. Ол өзінің хаттарын әріптесі
Н.И. Ильминскийге арнаса да, шәкірті А.А. Мазохинге арнаса да, бол-
маса достары мен жақындарына арналып, тіпті олардың қателіктері
мен кемшіліктері көрсетілген хаттарының өзі де кешірім сұраумен
аяқталып отырған.
Қазақ ағартушысы сыртқы дүниенің заңдарын тануға бола-
тындығына, адам санасының құдіретіне, ағарту ісінің қуатына
қалтқысыз сенді. Ойшыл қазақ халқының мәдениеттің биік шыңына
жететініне сеніммен қарады. Бұл, – деп санайды ол, – талай рет іс
жүзінде дәлелденген және мойындалған жайт.
Алтынсарин өз заманының философиялық әдебиеттерімен
жақсы таныс болды. Оның үй кітапханасында орыс және Батыс Ев-
ропа әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен Белинскийдің,
Чернышевскийдің, Жан-Жак Руссоның, Гегельдің, Бокльдің және
өзгелерінің философиялық, саяси-әлеуметтік мазмұндағы туынды-
лары қатар тұрды. Қазақ даласында мектептер ұйымдастыруға күш
сала отырып Алтынсарин бұл мектептер адамды қоршап тұрған
дүние жайында шынайы білім беруі, халықты рухани азғындыққа
жібермеуі тиіс деп санады.
Кезінде сол заман зиялылары жергілікті газеттерде жариялан-
ған мақалаларында Ыбырай Алтынсаринді қазақ халқының көр-
некті мәдениет қайраткері ретінде бағалаған еді. Оның жан-жақты
қызметінің жалғыз ғана мақсаты – өз халқының қоғамдық деңге-
йін көтеруге күш салып, оған алдыңғы қатарлы демократиялық
мәдениетке кірігу, надандықты жеңе білудің жолдарын көрсету бол-
ды. Мұның барлығы оған айналасындағы достары мен жолдастары-
ның ғана емес, барша қазақ халқының құрметі мен ілтипатын
көрсетуін тудырды.
Ыбырай Алтынсарин өзінің барша ғұмырын Ұлы Далаға ғы-
лым мен білім әкелетін демократиялық зиялылардың алғашқы
кадрларын даярлауға арнады. Ол төрт екі сыныптық мектеп, жеті
болыстық мектеп, Ор қаласында мұғалімдер мектебін, Торғайда
қолөнер училищесін, Ырғызда қыздар мектебін ашты. Алтынсарин
ашқан қазақ халық мектептері қалың бұқараға алдыңғы қатарлы
демократиялық мәдениетті таратудың алғашқы тірек нүктелеріне
айналды. Ол тәрбиелеп шығарған қазақтардан шыққан алғашқы
халық мұғалімдері кейін ағартушы негізін салған прогрессивті істі
жалғастырушы көшбасшыларға айналды.