М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет174/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
169 
«Сот реформасы жайында хат» деп аталатын еңбегінде қамтылған 
және бұл оның жалпы әлеуметтік прогресс мәселесі мен қазақ 
халқының әлеуметтік прогресі мәселесіне деген әлеуметтік-фи-
лософиялық көзқарастарының жиынтығы болып саналады.
Неліктен Ш.Ш. Уәлиханов өзінің даланы өзгерту туралы дә-
лелдері мен ұсыныстарын Ресей әкімшілігіне жеткізуді өзінің бо-
рышы деп санаған? Өйткені, олар патша империясының шалғай 
жерлері үшін тым күрделі әрі маңызды болатын, сонымен қатар 
олардың ауыртпалығы да мол еді, ал жергілікті ерекшеліктерді 
ескермейтін реформалар шалғай өлкелердің қиын жағдайын одан 
әрі ұшықтырып жіберетін.
Дегенмен де, бұлардың ішіндегі ең маңызды және күрделі 
мәселе – әкімішілік реформа туралы мәселе және ол туралы үстірт, 
жанама айтуға болмайтынын қазақ реформаторы атап өтеді, 
өйткені ол қазақ Даласы үшін тым «жіңішке» және «маңызы зор». 
Өзінің мәні бойынша әлеуметтік реформа жасау – жүзеге асырудың 
көптеген факторларды, басты үзбені анықтап алып, «бүкіл тізбекті 
суырып алатын» объективті және субъективті қырларды ескеретін 
шығармашылықты талап ететін үдеріс. Бірақ ресейлік әкімшілік 
бұған аса мән бермей, басқаруда Ш.Ш. Уәлиханов қазақ қоғамының 
әлеуметтік прогресін тежейтін, жергілікті өзін-өзі басқарудың 
қағидаларын бұзатын деп сынаған бірқатар кемшіліктерге жол 
берді. «Орынбор дала басқармасының негізгі кемшілігі, – дейді 
ол, – орда шенеуніктерін халықтың сайлауымен емес, шекара 
бастықтарының қалауымен тағайындауында. Орта жүз қазақтарына 
басшыларын сайлауға берілген правоның ішінде біз бағалай білетін 
право да бар, бірақ оны қалай болса солай, әділетсіз пайдаланып 
отырмыз» [6, 104 б.].
Орыс самодержавиесінің отарлау саясатының бір бөлігі бол-
ған қазақ Даласы қазақ қоғамы патриархалдық-феодалдық қаты-
настардың орнына мал өсіретін көшпелі өмір сүру салтына емес, 
отырықшы жер айдаушы өмір сүру салтына негізделген қатынас-
тар орныққан әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің 
дәстүрлі түрлерінің қирауының күрделі кезеңін бастан кешіп жат-
ты. Шаруашылық жүргізудің, рухани-адамгершілік мәдениетінің 
түрлері мен мазмұны өзгеріп жатты. Тұрақсыздық, ретсіздік және 
«қос билік» жағдайын туғызып, жаңа мен ескінің құндылықтары 
өзара күреске түсіп жатты.
Ресейдің өзі де капиталистік қатынастарға өтудің, крепостной-
лық құқықты жоюдың қиын үдерісін бастан кешіп жатты, ал 
оның билеуші элитасы Даланы жылдам өзгерту мақсатымен жаңа 


170


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет