М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет172/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
167 
пікірінше, Қазақстандағы әлеуметтік гуманитарлық дамуды тежеп, 
оның әлеуметтік прогресіне бөгет келтірген екен, ал біздің назары-
мызды қазіргі заманға аударады, яғни Қазақстанның байтақ даласы-
на ислам дінінің ренессанстық қайта оралуына, қазақстандықтардың 
жүректері мен ақылдарын жаңадан жаулап алу мәселесіне аудара-
ды. Бұл тұрғыда Ш.Ш. Уәлиханов ерекше өзекті болып көрінеді. 
Тоталитарлық идеологияның темір құрсауынан шығу, қоға-
мымыздың идеологиядан арылу кезеңі, әлемдік және жергілікті 
ауқымдағы дағдарыстар ең жоғары құндылықтық-мәндік бағдар-
лардан айырылу одан да зор шығындарға жолықтыруы мүмкін 
екенін көрсетті және олар тәрбие мен мәдениетті ғана емес, қоғамның 
қаржылық-экономикалық дамуына да әсер етеді. Жеке тұлға да, 
қоғам да ішкі рухани мазмұнсыз толыққанды қызмет ете алмайды, 
ал ондай мазмұнның қайнар көзі әдебиетте әртүрлі түсіндіріледі.
Егер қоғам мен адам руханиятының қайнар көзі тек қана дінде 
және діни тәжірибенің нәтижесінде ғана руханилыққа қол жеткізуге 
болады және рухани мазмұн жүзеге асады деген көзқарасты 
құптасақ, онда дін және діни ұйымдар өкілдерінің, әсіресе, ислам 
өкілдерінің барлық адамдардың ақылы мен жүрегін жаулап алғысы 
келетін ұмтылысы түсінікті болар еді. Өйткені Қазақстан бұрыннан 
бері ислам тараған аймаққа жатады. Егер де, руханияттың қайнар 
көзі мәдениетте және оның ең маңызды бөліктері – өнерде, музыкада, 
философияда және т.б. деген көзқараста болсақ, онда руханилықты 
қалыптастырудағы діннің орнын, діни танымның шекарасын анық-
тап алуымыз қажет болады.
Бүгінде бірінші көзқарасты жақтайтындар исламның қазақ 
мәдениеті мен дәстүрлі қазақ қоғамында тарихи тамырлары бар 
дегенді алға тартады. Және біз Қазақстан жерінде исламның еніп, 
мемлекеттік идеологияға айналған тарихи кезеңдерін де жақсы 
білеміз. Ол дін ханафия мазхабы түрінде қабылданды және Қазақстан 
бір кезде ислам әлемі мойындаған сопылықтың орталығы болған. 
Сондықтан да қазақтардың ұзақ тыйым салу кезеңінен кейін, ең ал-
дымен, ислам дініне, ислам құндылықтарына бет бұруы, бүгінгі ис-
лам ренессансы – тарихи шындықты және адам құқығын қалыпқа 
келтірген заңды құбылыс.
Екінші көзқарастағылардың пікірінше, қазақ қоғамы мен қазақ 
мәдениетінде, Қазақстанда исламның тарихы тереңде жатыр деген-
дермен келіспей, исламның тамыры соншалықты терең емес дегенді 
айтады. Бұған қоса олар қазақ халқының рухани мәдениеті үшін 
ислам шектелген, үстірт құбылыс дейді, дәл осылай бұл туралы өз 
заманында Ш.Ш. Уәлиханов та жазған және біздің тарихымыздың 


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет