М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет171/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
бір ырымдардың болуына қарамастан, тәжірибесіз болса да білімге 
құмар ақылға танымның жаңа көкжиектерін ашып, жаңа ғылыми 
білім алуға мүмкіндік беретін.
Бұған қоса, Уәлихановтың пікірінше, «біздің қоғамдық даму 
түрлері ең биік мәдени дамудың нәтижелеріне өте ұқсас өнерсіз 
кезеңде тұр», [6, 81 б.], сондықтан ол тарих әлі өзінің ең асқақ 
жетістіктерін жазуы мүмкін ашық парақ тәрізді. Дәл осы себептен 
қазақ Даласының ағартушысы әрі прогрессті жоқтаушы мынадай 
сауал қояды: «Қырғыздарды бұрынғы жағдайында қалдырған дұрыс 
сияқты. Олардың табиғи дарындары – тұрақтылығы мен елгезек 
ақылы – әрекет еткен кезде діннен тастай тірек табады, кейін быт-
шыты жығып жатады, және ...және олардың көпшілігінің прогресі 
адымдап алға жылжыса да, кейбірі кері кетіп, теріс жолға түсіп жа-
тады» [8, 303 б.].
Бұл мәнде өзінің таңдану рухымен әлемге өміршеңдік көз-
қарасымен қарайтын қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бур-
жуазиялық қоғамның әлеуметтік прогресін соңына ерткен 
ғылымдағы ізденгіш ақылдың жаңалық ашуға құштар рухына, мы-
салы жаңа европалық жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтарға,
жақын тұратын. Ал, Қазақстанда енгізіліп жатқан ислам бұдан тым 
алшақ еді. Ш.Ш. Уәлиханов бұл туралы қапаланып былай деп жа-
зады: «Сахарадағы жаңа діни бағыттың болашақ үшін берекелі бо-
ларын Құдайдың өзі біледі... Даланың еліктегіш ұлы болған қырғыз 
белшесінен батты (исламға) және Құранға қайшы келетін басқа 
нәрсеге иланбайды. Ән айту, ежелгі аңыздар, күрес, әйелдің еркіндігі, 
жұртпен бірге көңіл көтеруі – бәрі қолданыстан қалып барады... 
Қариялар жаңашылдыққа шағым айтуда; әйелдер шалдардың пікірін 
жасырын қолдаса да, жастардың көпшілігі екі ойлы...» [8, 303 б.]. 
Ол қазақ даласына исламды енгізу үшін жақтастарының жүре-
гін жаулап алу мақсатында ислам дінбасылары қолданатын түрлі 
зорлықшыл әрі әуесқой тәсілдерді де құп көрмеді. Мұндай сын-
ды қолдаған жөн, өйткені осындай жолмен жаңа дүниетанымды 
телу қазақ қоғамын прогреске шығармай, тұралауға әкеліп, оның 
прогресивті дамуының ең маңызды шарттарын жойып жіберетін. 
Бірақ, басқа жағынан алғанда, татар молдалары мен орта азиялық 
миссионерлердің әрекеттері отаршыл білікке халықты ағарту, 
материалдық дәулетін арттыру мәселесіне басын ауыртпай, 
керісінше, оны топастандырып, өзіне қолайлы бағытта басқаруды 
жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Дегенмен де, Қазақстанда ислам дінін енгізуге байланысты атал-
ған дүниетанымдық және әлеуметтік-мәдени жағдай, Уәлихановтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет