М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет163/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Европада буржуазиялық қатынастар дәуірінің басталғанын 
куәландыратын әлеуметтік-саяси оқиғалардың ықпалымен ресейлік 
қоғамдық ойының әлеуметтік прогресс проблемаларын құндылық-
мәндік тұрғыда қайта қарастыру деңгейі сондай биік еді, тіпті, 
соңында Ресей жаңа әлемдік қозғалыстың өзегіне де айналды. Белгілі 
бір дәрежеде ресейлік қоғамдық ой өрісінің дискуссиялық кеңістігінің 
мұндай зияткерлік-рухани ахуалы ой кеңістігінің өзіндік матрицасы 
мен калькасына айналды және ол кеңістік кейін ресейлік империяның 
шетте орналасқан елдеріне де тарай бастады. Қалай болғанда да, 
зияткерлік элитаның көрнекті өкілдері арқылы шалғайда жатқан 
отар жұрт тарихи оқиғалардың иіріміне, империяның жалпы тари-
хын және өз тарихын таразылау үдерісіне тартыла бастады.
Ш.Ш. Уәлиханов үшін қазақ қоғамындағы әлеуметтік прогресс 
мәселесі өзекті болғанда, бұл мәселе оның айналасындағы ресейлік 
орта үшін де өзекті еді. Бұл орта П.Я. Чаадаевтың «Философиялық 
хаттар» рухы, В.Г. Белинский, М.В. Буташевич-Петрашевский,
А.И. Герцен, Ф.М. Достоевский, Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добро-
любов және т. б. айтқан идеялар туғызған дүниетанымдық ахуалдың 
қызуынан сырт қалмады.
Ш.Ш. Уәлихановтың айналасында тек қана Қазақстандағы 
ресейлік әкімшіліктің өкілдері болмағаны белгілі, олардың ара-
сында Қазақстанға саяси қылмыстары үшін жер аударылған озық 
ойшылдардың, сондай-ақ қазақтың саяси элитасының өкілдері де 
көп болғаны аян. Олардың көзқарастарын сараласақ олар Ресейдегі 
болашақ әлеуметтік прогресс пен мемлекеттік құрылысты құлатуға 
қатысты мәселелерде тым өткір әрі шектен асқан шараларды 
құптамаған. Олар көбінесе ағартушылықтың бейбіт формаларына 
бейім болып, шаруалардың ауыр халін өзгерту қажет дегенді алға 
тартып, ресейлік қоғамның әрі қарайғы прогресін қолдаған.
Жер аударылған Ф.М. Достоевский мен С.Ф. Дуров, мыса-
лы, өздерінің әдеби шығармашылығында ой еркіндігі, әлеуметтік 
қарсылық, қоғамдық прогресс жолдарын анықтау идеялары жайлаған 
ресейлік қоғамдағы әр алуан көзқарастарды көрсете білген. С.Ф. Ду-
ров рухани жағынан өзіне жақын көрнекті еуропалық ақындар мен 
жазушылардың шығармаларын аударған және сол аудармаларында 
оның демократиялық мақсаттылығы айқын көрініс тапқан. Оның 
үйірмесінде Ресейдегі алғашқы революциялық жағдайдың көңіл-
күйін беретін орыс халқына арналған үгіттеу шығармалары жарық 
көрген, олар ресейлік шаруалардың ауыр жағдайына, Ресейдің 
әлеуметтік-экономикалық мешеулігіне және оның болашағына де-
ген терең алаңдаушылық пен мазасыздыққа толы еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет