М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет162/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
157 
дар мен формалар, идеяларды қоғамдық санаға ұсыну тәсілдері 
анықтай алады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ресейлік тарихқа 
ретроспективті шегініс жасап, ресейлік қоғамның әлеуметтік-
философиялық ұстанымдарының кең шоғырын қайта қалпына 
келтірсек, оның алуан түрлілігі мен тарихында болған әлеуметтік про-
гресс түсінігіне қатысы бар белгілі бір парадигмалық ұстанымдарды 
байқаймыз және олар қазіргі кезге дейін Ресейде бар болып 
шығады. Әртүрлі елдердің қоғамдық дамуы бірдей болатының 
мойындайтын мұндай ұстаным эволюциялық еді және плюралдық 
ұстаным да бар, ол алуан түрлілік принципіне негізделіп, субъ-
ект пен әлеуметтік факторлардың дамуындағы ерекшеліктер мен 
өзгеліктерді алға тартады. Бір парадигмалық ұстанымда қоғамның 
әлеуметтік прогресін оның индустриялық, ғылыми-техникалық да-
муы анықтау тиіс, ал басқа ұстанымда – қоғамдық прогрессте, ең 
алдымен, рухани адамгершіліктің дамуы бірінші орында тұрады. 
Бірінші парадигмалық мақсат қоғамның батыстық даму жо-
лын көздесе, екіншісі – «батысшыл» және «славянофил» өкілдері 
ұстанымдарының қарама-қайшылығынан көрініп, өзінің дербес әрі 
қайталанбас жолын іздейтін мақсат.
Осыған орай әлеуметтік өзгерістердің басты әрекет етуші 
тұлғасы ретінде субъект танылады, ол «халық», «шаруалар қауымы», 
«адам» ретінде қарастырылды. Әлеуметтік өзгерістердің мақсаты да 
әртүрлі, ондай өзгерістер ретінде конституциялық монархия, демо-
кратия, социализм ұсынылатын. Мақсатқа жету жолдары да әртүрлі 
еді – капиталистік қоғамға қарай бірте-бірте жылжу реформалары, 
сондай-ақ революциялық үндеулер мен капиталистік даму жолын 
тежеп, кері қарай оралу, мысалы, византинизмге қарай оралуға 
шақыратын үндеулер болған.
Бұл көзқарастарды немістің классикалық философиясына, 
француздың Ағартушылық философиясына және Ж.Б. Вико мен
И.Г. Гердердің тарих философиясына, Фурьенің утопиялық социа-
лизміне және т. б., сондай-ақ христиандық діндарлық ілімге, көбі-
несе проваславияға негізделген орыстың әлеуметтік-саяси ойын-
дағы либерализмді, консерватизмді, демократизмді, социализмді 
жақтаушылардың философиялық ұстанымдары қалыптастырды. 
Мәскеу мен Санкт-Петербург университеттерінің аудиториялары 
мен түрлі үйірмелерге, масондық ложалар мен қоғамдарға сау ете 
түскен зиятты нөпірдің астарында желтоқсаншылар көтерілісінің 
қайғылы сабақтарын, ресейлік шаруалардың езгідегі ахуалын, жал-
пы Ресейдің мешеулігін тарихи таразылау тәжірибесі жатқан еді.


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет