Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін Оның ой-толғамдары қоғамның мүддесін, құндылықтары мен
дәстүрлерін ескермейтін еліктеуден туындаған бөтен идеялардың
көмескі сұлбасы емес, әлемдік тәжрибені өнімді дамытудан туын-
дап, нақты елге арналған пайымдаулар болатын. Ш.Ш. Уәлиханов өз
елінің болашағы мен қоғамдық прогреске жету жолдарын болжай-
тын көзқарасы, өз идеяларын туғызып, қоғамдық санаға енгізетін,
сол арқылы олардың бұқараға таралуына ықпал ететін қазақ
қоғамындағы элита өкілінің көзқарасы еді.
Кез келген теориялық көзқарас сияқты, ол да белгілі бір дүние-
танымдық негіздемеге, адами дамудың мақсаты ретіндегі әлеумет-
тік прогрестің мәнін ұғынуға, сондай-ақ қойылған мұратқа жетудің
нақты қадамдарына арқа сүйеген.
Терең дарын иесі, ой жүйесі ерек, қазақ халқының ұлттық рухын
бойына сіңірген тұлға ретінде Шоқан Уәлиханов орыс мәдениеті-
нен келген прогрессивті идеяларды жатсынбай қабылдаған. Бұл
идеяларды Батыспен мәдени қарым-қатынас орнатудың нәтиже-
сінде сондағы буржуазиялық қоғамның прогресивті дамуы қалып-
тастырған идеялардың әсерімен Ресейдегі әлеуметтік прогресс
теоретиктерінің жасағаны белгілі. Сондықтан әртүрлі мәдени
әлемдердің пікірталасынан туған идеяларды басшылыққа алған
Ш.Ш. Уәлихановтың Қазақстанның болашақ дамуы мен прогресіне
деген көзқарасын біз біржақты яки таяз дей алмаспыз, өйткені
оның түсініктері әлемге ортақ өткір проблематиканы қамтыған. Ал,
қазақ халқының тағдыры мен лайықты тарихи дамуының болашақ
мүмкіндіктері – ғалымның бүкіл ғылыми, философиялық, тарихи,
лингвистикалық және т.б. ізденістерінің басты уәжі мен әлеуметтік-
философиялық дүниетанымының өзегіне айналды.
Ш.Ш. Уәлиханов өзі өмір сүрген тарихи жағдайда қазақ қоғамы-
ның прогресивті даму идеясын тұтастай әрі нақты тарихи негіздеген
деп айта аламыз. Ол, қазақ жұртының ауыр материалдық жағдайы мен
өлкенің артта қалушылығының кері әсері болған қазақ менталитеті
мен мәдениетінің ерекшелігі мен өзгешелігін, ақыл-парасатының
даму деңгейі мен дүниетанымдық көкжиегінің шектеулігін ескеріп,
оларға ерекше мән берді. Патриот және жауапкершілігі мол саяси
қайраткер ретінде ол, орыстың озық зиялы қауымы мен оның саяси
элитасының назарын қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси даму аху-
алына көбірек аударуға, сондай-ақ, мүмкіндігінше, қазақ қоғамын
оятуға тырысты.
Жеке тұлғаның қоғамдық прогресті танып, түсінуі нақты
тарихи жағдайда қалыптасатыны белгілі және ол тұлғаның
өмірбаяны басталған сәтте қалыптасып, өмір бойы өзгеріп отыра-