Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 145
Жылау, жылау, жылау күй, Жылаған зарлы мынау күй. Қара орнынан айырылды, Ел қанаты қайырылды, – деген жыр жолдары айтулы тарихи
оқиғадан хабар беріп, теперіш көріп, елін, жерін тастап, бөтен елге
қоныс аударуға мәжбүр болған халықтың күйінішін суреттейді.
Бұл дәуірде қазақ халқына қысым көрсеткен тек жоңғарлар ғана
болмады. Бір жағынан Еділ қалмақтары шабуылды күшейтсе, екінші
жағынан Қоқандықтар бас көтере бастады. Осындай ауыр жағдайды
басынан өткеріп отырған қазақ халқы үшін қандай да бір алып
күштің көмегіне жүгінуі қажет болды. Әбілқайыр бастаған қазақ хан-
дары Ресеймен бірлесе отырып, сыртқы жаудың соққысынан аман
қалуға әрекет ете басады.
Осы сынды тарихи оқиғалар ұлттық әдебиетке де әсер етіп,
жыраулардың кейде күңірене, кейде асқақтата толғайтын басты
тақырыптарына айналды. Халық мұңын ханға жеткізуші от тілді,
орақ ауызды жыраулар жерін тастап, үдере көшкен халықтың мұң-
мұқтажын жырларына қосып, тарихи сәттерді халық жадында
қалдырды.
Хан-төренің саясатына қасқая қарсы тұрып, наразы үнмен тіл
қата білгендердің бірі – Асан Қайғы. Жырау үшін туған жер бәрінен
де ыстық. Данагөй жырау қазақ хандығының құрылғандығын қол-
дағанмен, Ноғай ордасынан біржола бөлініп кетуін құптамайды.
Атамекеннен айырылған елдің ендігі тағдырының бұлыңғырлығын
сезген жырау «нәлет біздің жүріске» деп налиды:
Еділ менен Жайықтың Бірін жазға жайласаң, Бірін қысқа қыстасаң, Ал қолыңды маларсың, Алтын менен күміске, [26, 23 б.] – десе, енді бірде:
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, Айтқаныма көнбейсің, Өзіңнен басқа хан жоқтай Елеуреп неге сөйлейсің, [26, 24 б.] – деп, замана сынынан бейхабар
ханның саясатын ащы сынға алады. Елінің болашақтағы тағдырының
қауіп-қатерге толы болатындығын сәуегейлікпен жырлайды. Бұл ту-
ралы М. Әуезов: «Алғашқы рет келешек заманның құбыжығын сезіп,
тұспалмен белгі беріп, болжал айтқан Асан Қайғы», [28] – дейді.
Асан Қайғы толғауларынан бастау алған осы тектес оқшау
ойлы сарындар Бұқар, Тәтіқара, Марқасқа, Махамбет сынды ақын-