М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет146/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
141 
көпшілігі жауынгерлікпен бірге жаугершіліктің ащы-тұщы дәмін 
қолбасшы болып татты деуге болады. Мысалы, Доспамбет сын-
ды жыраулар ел тәуелсіздігі жолында ерлік мұраттарды бірінші 
орынға қоя отырып: 
Екі арыстап жау шапса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
[14, 37 б.] – деп жауға қарсы жорықта жор-
туылдап жүріп өшпес, жалынды жолдар қалдырса, Ақтамберді жы-
рау атақты «Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екеміз?!» атты 
толғауында өзінің топ бастаған қолбасшы екенін:
Құлаты тауға қол салып,
Садақтың оғын мол салып,
Бетпақтың ен бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екеміз?
! [13, 48 б.] – деп екпіндей жырла-
ды. Әрине, Хандық дәуір күрессіз күн өтпейтін мазасыз заман 
болғандықтан да ұдайы ат жалында жүріп жорықпен күн өткізу – сол 
заманның өмір сүру салты болатын. Тіпті, бұдан бір ғасыр өткеннен 
кейін де елдің жарқын өмірі жолындағы соғыс жырларының үлгісі 
Махамбеттің: 
Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
...Ерлердің ісі бітер ме?! 
[13, 88 б.] – деп келетін өр рұхты, 
жалынды жырларында жалғасын тауып жатты. Осыдан көріп 
отырғанымыздай, Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет т. б. сынды по-
эзия өкілдерінің шығармашылығында жеке басының жайын ғана 
күйттемейтін, керісінше ерлік пен елдік мұраларды бірінші орынға 
қоятын автопсихологиялық кейіпкер бейнесінің сомдалуы үрдіске 
айналды. 
Бұқарашыл жыраулық поэзия халықтың ұлылық үрдісін тал-
ғаммен таныта отырып, ұлт негізінің шынайылығын, жақсы мен 
жаман жақтарын қалт жібермей қадағалап көрсететін бірден бір 
құрал болды. Жыраулар өз заманының асқаралы биігіне айналған 


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет