М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет149/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
адамдардың атын, қылығын ұмытай тұрып бейнелеуімен бағалы
әрбір автордың сол оқиғалар мен тарихи адамдарға жалпы қатынасын 
білдірумен қатар осы орайдағы көркемдік ізденуін, өзіндік ой түзеуі 
дәрежесін танытумен қымбат» [20, 129 б.]. 
Сыпыра жырау өз дәуірінде өмір кешкен Тоқтамыс хан мен 
Едіге би арасындағы жанжалды тоқтату мақсатында хан жағының 
жақтаушысы болады. Едіге бидің дегеніне жетіп, Тоқтамыс ханның 
тақтан тайған мезгіліндегі оқиғаларды жырау былайша суреттейді:
Сап-сап жүре, сап жүре,
Сай азамат қосылып,
Жауды жайқай ала алман,
Асылдан саба толтырып,
Әзелде қымыз іше алман.
Ханның тақтан таюы, басынан бақтың ұшуы мен базары тарқаған 
дәуренін аңсау сарынында жазылған толғаулар қазақ әдебиеті тари-
хында (әсіресе, зар заман әдебиетінде) көптеп кездеседі. Солардың 
бірі орыс хан шөпшегі Кіші Мұхамедтен тізе бүккен Орманбет 
ханның Ордадан шыққан мезгілін суреттейтін толғауында Құдабай 
ақын:
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Орманбет хан ордадан шыққан күнде,
Асан ата қайғырып, айтыпты жыр
, – деп толғаса, Шалкиіз жырау 
бұл оқиғаны:
Балпаң-балпаң басқан күн,
Бай ұлынан асқан күн,
Орманбет би өлген күн,
Он сан ноғай бүлген күн,
– деп, жырлайды. Жыраулар ел іргесінің 
сөгіліп, хан басына қара бұлт үйірілген заманның жеткенін айтып, 
сары уайымға салынады. Бұдан заманның қалпы көрінеді. Және та-
рихи дерек ретіндегі ауызша тарихымыздың құндылығын пайым-
даймыз. 
Қазақ халқының тарихында тәуелсіздік үшін күрестердің ең 
күрделісі – жоңғар шапқыншылығына қарсы көтеріліс екендігі 
тарихтан белгілі. Қазақстан пен Орта Азия территориясына көз 
алартқан жоңғарлар ішкі алауыздықпен бас-басына би болып, 
бөлек-бөлек өмір кешіп отырған қазақ руларын бірінен соң бірін ба-
сып алып отырды. Тарихта «Қаратаудың басынан көш келеді» сынды 
мұңды жырларды тудырған «Ақтабан шұбырынды» қатарлы тари-
хи оқиғалар қазақ халқын бас көтертпестей жаншып, ауыр күйзеліс 
жағдайында түсірді. Сол кездерде пайда болған халық аузындағы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет