М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет145/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
тобыр, сондай-ақ имандылық пен қайырымдылық, өмірдің өткінші-
лігі мен адамның опасыздығы, өлім мен өмірдің қайшылығы сияқ-
ты моральдық, этикалық, фәлсафалық проблемаларды көтеріп, 
қоғаммен байланыстыра жырлап отырды.
Ғалым пікірлерінде жазылғандай, жыраулар қазақ хандарына – 
өз билеушілеріне біресе жақтас болып сарай, орда маңында, бірде 
олармен қырбай, араз ұлысбегі не адуын батыр, қолбасы әрі жырау 
әрі тайпа көсемі, би тұлғасын да – қалың бұхара арасында бой көрсет-
се де, олардың басты мақсаты біреу: ол – Қазақ жұртының азаттығы 
мен жерінің бүтіндігі, халықтың бірлігі мен елінің амандығы. Сол се-
бептен де туған халқы олардың даңқын көкке көтере дәріптеп, асыл 
сөздерін ауыздарынан қағып алып, қастерлі заттай, киелі дұғадай 
қадірлеп, көкейлерінде жаттап, ұрпақтан ұрпаққа мирас еткен.
Ұлттық әдебиет тарихындағы жыраулық поэзияның баста-
уын сонау түркі қағанаты кезеңіне меңзейтін әр түрлі жазба-
ескерткіштер, Орхон Енисей, Күлтегін мен Тоныкөк жазбаларынан 
бастасақ, ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының құрылып, халық 
мәдениетінің өзіндік келбеті айқындала бастаған тұсы – жыраулық 
поэзияның нағыз дамыған кезі болды. Қазақ әдебиеті тарихындағы 
жыраулық поэзияның генезисі сонау Орхон, Енисей жазбалары-
нан бастау алғанымен, анық дамыған кезеңі ХV ғасырда Қазақ 
хандығының шаңырақ көтеріп, еліміздің тарих мәресіне көтерілген 
кезіне тұспа тұс келеді. Себебі, дәл осы кезеңде болып жатқан тари-
хи оқиғалар, дәлірек айтқанда Қазақстан мен Орта Азия елдерінің 
болашақ өмірінде шешуші рөл атқарған қалыптасу процестері 
сияқты қоғамдық өзгерістер ақын-жыраулар шығармашылығына 
айрықша шабыт алып келді. Сондай-ақ, Хандық дәуірдің тірлік-
тынысын сөз етуге қоғамда өз орны бар сұңғыла сөз иесінің ғана ба-
тылы баратын. Өйткені, ол дәуірдегі бітіп бермейтін шапқыншылық 
жорықтардың болуы, түйіп айтқанда этностық мағынасы орныға 
қоймаған халықтар өмірінде тарихи тұрақтылықтың болмауы 
сияқты себептерден келіп, жоғарғы талаптарды көтере алатын сер-
гек ойлы әдебиет өкілі болуы шарт еді. Осы талаптардың барлығы 
дуалы ауыз жыраулардың бойынан табылды. Сол себепті ақын-
жыраулардан ұлы хандардың өзі қаймығып, дүйім жұрт аузына 
қараған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде қарасы бар, ханы 
бар, жырау ақылына құлақ түрген. Осы тұрғыдан қарағанда жыра-
улар бірінші кезекте ел қамын ойлаған саясаткер бола алды, қоғам 
қайраткері қызметін атқарды. Сонымен қатар жыраулар елдің оқ 
пен от шалған мазасыз кезеңінде ұрыс даласында жаумен айқасып 
батырлықпен көзге түскен тұлғалар қатарын құрады. Олардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет