Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: түркілік рухани дәстүр 53
2 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ КОНТЕКСІ: ТҮРКІЛІК РУХАНИ ДӘСТҮР 2.1 Түркі руханилығы – философия мәселесі және қазақ рухани әлемінің тарихи бастауы Қазіргі кезде қазақстандық философия үшін және жалпы қа-
зақстандық қоғамның өзіндік санасы үшін қазақ халқының рухани
өмірінің қалыптасуында, түркілік рухани қайнарлар мәселесі ерек-
ше маңызға ие. Бұл бірқатар факторлармен байланысты. Бәрінен
бұрын, «Мәңгілік Ел» идеясымен өрнектелген Қазақстанда жаңа
мемлекеттілікті құру үдерісі жүріп жатыр. Осы күрделі де қиын
үдерісте және оны теориялық зерделеуде негізгі назар қазақ халқы-
на ауған, өйткені ол ұлттық құрылыстың және көптеген мәселелері-
нің талқылау пәні болып табылады. Сондықтан осы тақырыпқа
арналған әдебиетте және қоғамдық өмірде қазақ халқының тари-
хы, мәдениеті, руханилығы мәселелері өзектендіріледі. Сонымен
қатар демократиялық өзгерістердің субъектісі болу мүмкіндікте-
ріне, Қазақтандағы барлық этностардың тағдырына байланысты
жауапкершілікті мойнына алу мәселелеріне қатысты, сонымен қа-
тар адамзаттық жоғарғы мұраттары мен құндылықтарына бас июге
байланысты дүниелерді бойына жинақтайды.
Қазақ халқына тарихтың өзі жүктеген міндеттерді шеше ала-
тынына сенімді болу үшін қазақ халқының рухани-ментальді мәнін
түсіну қажет, қандай мұратттар мен құндылықтарды тасымал-
даушы екенін білу керек. Өйткені ол мемлекеттік құрылыстың
жүйеқалыптастырушы элементі және басты субъектісіне айналып
отыр. Біздің қазіргі шағымызды түсінуіміз үшін біз өзіміздің бас-
тауларымызды білуіміз керек, сонымен қатар біз қайдан шыққан-
быз, біздің өткеніміз қазіргі кезеңдегі жағдайымызға қалай ықпал
етеді және ол болашағамызды қалай анықтайды? деген сұрақтар ту-
ындайды.
Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайда болған тәуелсіз мем-
лекеттерде өздерінің дербес бастауларына және рухани-мәдени
тамырларына деген қызығушылық көбейді. Оларды жетпіс жыл