Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін бойы құрылып келген «жеңіске жеткен социализм» атты қоғам
халықтардың жадынан өшіріп, зерттеу нысаны ауқымынан шет-
ке шығарып тастауды көздейді, ол болса «жаңа әлемнің» тамырла-
рын іздеумен айналысқан еді. Осындай жағдай бұрынғы тамырлар-
ды ұмыттыруға итермеледі, кеңес халқының шынайы тарихы мен
мәдениетін қалыптастыруда емес, ол тек фольклор фестивальдарын-
да, мәдени-бұқаралық іс-шараларда және басқа елдердегі мәдениет
Күндерінде ғана аталып өтілді. Осындай жағдайдың құрсауында
қазақ халқы да болды және ресми идеологияның пайымдауы бой-
ынша оның шынайы тарихы 1917 жылдан ғана басталды, ал мәдени
даму, гүлдену және басқа да халықтың рухани өмірінің құрамдас
бөліктері социализм дәуірімен байланыстырылды.
Осы уақыттың тарихи және мәдени жетістіктерін қараламай
тәуелсіздіктің қазақ халқының ішкі күшін қуаттандырғанын және
еркіндік рухын бекіткенін, бұрын үндемей немесе ұмытылып келген
көп қырлы рухани әлемнің, мәдениеттің және тарихтың мәселеле-
рін ашық және батыл қоюға мүмкіндіктер бергенін атап өту керек.
Саясаттанған мәдениет және саяси элита қалыптастырған сол
кездің тарихты дүниетанымдық пайымдауы қазақстандықтардың
тұтастай ұрпағына осы жерде сандаған ғасырлар бойы өмір сүріп
келе жатқан халықтың тарихын, мәдениетін және рухани әлемін
объективті түрде түсінуге мүмкіндіктер бермеді. Ол дегеніңіз қазіргі
мемлекеттілікті қандай күштермен және мүмкіндіктермен құруды,
заманауи ірі көлемді өзгерістерді жасауды, мемлекеттік құрылысты
қалыптастырудың жаңа асуларын алу мақсатында жас ұрпақты
қалай шабыттандыруға болатындығын объективті және адекваттты
түсіну.
Кеңестік кезеңінің жеделдетілген жаңғыруынан өткен дәстүрлі
қазақ қоғамы өзінің «дәстүрлілігінің» рудименттерін аяғына дейін
жеңе алмаған жағдайында қайта трансформацияға ұшыраған
қазақстандық қоғамның демократиялық өзгерістері өтіп жатқан та-
рихи жағдайы болып тұр. Ол нарықтық экономиканың қалпына,
оның құндылықтық қондырғысы мен соған сәйкес саяси жүйесіне
икемделуде, оның үстіне жаһандану үдерістерінің кеңеюі оны
күрделендіріп тұр. Бұл жағдай бүкіл ұлттың әлеуетін арттыруды
және оның барлық ішкі ресурстарын белсендендіруді объективті
түрде талап етеді.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясында осы өзектілік іргелі және
түбегейлі түрде бекітілген. Ол руханилықтың мәселелері бойынша
қоғамымыздың дамуының басым бағыттарының бірі ретіндегі – жаңа
қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда анық көрініс берген