М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет58/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
қалыптастырудағы рөлі, қазақ қоғамының дүниетанымының руха-
ни-адамгершілік мазмұны тақырыптары болып табылады. Түркі 
мәдениеті мен тарихы бойынша зерттеу бағдарламаларының жаңа 
аккорды – үлкен еуразиялық суперконтиненттің түркі халықтары-
ның барлық тарихы тұркі руханилығының метаморфозасы және 
тарихи дамуда түркі рухы өткен жол деп қарастыруға болады деген 
тезис болып тұр. 
Тек ұзақ уақыт бойы үндемей келген және бұрмаланған 
түркілердің тарихы ғана емес, сонымен қатар олардық мәдениеті 
зерттеудің пәніне айналып, қайта зерделеулерден және «қайта 
форматтаудан» өтіп жатыр, бұрынғыдан өзгеше әдіснамалық және 
құндылықтық өлшемдерден бағалауларға түсуде. Бұл үдерістегі 
біз үшін түркі руханилығы мен түркі дүниетанымының жүрегі 
сипатындағы рухани-адамгершіліктік кемелдену туралы пардиг-
масы өзектенуі маңызды. Түркілік руханилық аясында түркілердің 
тарихы аймақтық және әлемдік тарихқа ықпалын тигізді деген 
өмірсүйгіштік идеясы туындады. Саясатта, дәстүрлерде, халықтық 
ауызша шығармашылығында, күнделікті өмір практикасын-
да көрініс берген бұл идеялар өзінің негізгі мәнділігі бойынша 
қазақтардың рухани әлемін қалыптастырып қана қоймай көрші 
жатқан халықтардың рухани мәдениетіне әсерін тигізді. Бұл дерек 
өзінше алғанда өте маңызды, бірақ әлі кезге дейін толықтай ашыла 
қоймаған күйінде болып тұр.
Осылардың барлығы зерттеуші ғалымдар корпусының алды-
на түркілердің рухани дәстүрлерінің мәні мен мазмұнын ашу үшін 
қажет етілетін қазақ халқының рухани өмірінің түркілік қайнарла-
рын тиімді, объективті және толықтай зерттеуге бағытталған жаңа 
дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді қойып отыр.
 
Бұл 
үдерісте философия ерекше тағайындылыққа ие, ерекше рөл ат-
қарады. Сондықтан философияның бойындағы сипат, мазмұн және 
құндылықтар иделогиялық маңызға ие болады және қоғам дамуы 
үшін ерекше маңызды. Қоғам қандай философияны мойындағанына 
қоғамдағы рухани-адамгершіліктік ахуал тәуелді және оның сырт-
қы рухани-әлеуеттік әсерлерді қабылдау тұрақтылығы байқалады. 
Әсіресе бұл қоғамдағы тұрақтылық пен орнықтылықты күйретуге 
бағытталғандарға қатысты болады.
Бұл ұлт-мемлекеттерінің қалыптасу үдерісіне қатер төндіріп 
тұрған жаһандану үдерісі өршіп бара жатқан кезеңде, өз тә-
уелсіздіктерін алып отырған түркі тілдес халықтар үшін үлкен 
маңызға ие. Қоғамдық жүйенің тұтастай өзгеруі кезінде, дәстүрлі 
өмір салттары мен кеңестік кезеңнен мирас болып сақталған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет