М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет66/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Әл-Фарабидің философиясы исламның рухани тәжірибесін 
бейнеледі және кейбір догматтық шектеулердің сыртына шығатын 
рефлексияланған діни сананың түрі болды. Түркілік рухани дәс-
түр әл-Фарабидің теориялық ақылының еркін рухын шыңдады, 
Мұхамедтің адамдар әлеміне алып келген жоғарғы ақиқатты игеруге 
ұмтылатын зердесінің зияткерлік сипатын барынша белсендендір-
ді. Ал ежелгі грек даналығы интеллектуалдық ойын логикаға сәйкес, 
яғни басты ойлау құралымен үндес ойлау қабілеттілігін тұрғысынан 
пайымдаулар жасауға тәрбиеледі.
Қазіргі Орталық Азия елдерінің саяси және рухани-адам-
гершіліктік дамуы көзқарасы тұрғысынан әл-Фарабидің қоғамдық 
қатынастарды идеологиялық реттеудегі діннің рөлі жайындағы 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», 
«Азаматтық саясат», «Әріптер кітабында» айтылған ойларының 
маңызы зор. Ол қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты – 
мемлекеттің дамуында философияға да, дінге де орын бар деп 
есептейді. Олар мемлекеттегі азаматтардың көзқарастарын тәрбие-
леуде бір біріне көмектесе отырып қатар өмір сүре алады, жекелей 
алғандағы адамның, бүтіндей қоғамды жетілдірудің жоғары иде-
алдары мен құндылықтарына бағына қызмет етеді [16, 114–117 бб.]. 
Қазіргі идеологиялық үдерістерде әл-Фарабидің осы салиқалы иде-
ясына сүйенуге болады. Ол дамудың атеистік пардигмаларынан бас 
тартқан қазіргі Қазақстанның діни дүниетанымдағы өкілдері мен за-
йырлы биліктің арасында дұрыс сұхбат орнатуда оңды рөл атқара 
алады. 
Мемлекетті басқару, адамды рухани-адагершіліктік жағынан 
жетілдіру, мемлекет өмірін ұйымдастыру түрлеріндегі «надандық-
тың» теріс салдарларын жою, және осы үдерістердегі саяси қыз-
меткердің рөлі жайындағы айтылған әл-Фарабидің жемісті идеяла-
ры өзінің өзектілігін сақтауда. Әл-Фараби өзінің «қайырымды қала» 
жобасында түбегейлі әлеуметтік-саяси ғана емес, этикалық мәселе-
лерді, біз енді ғана толықтай баға бере алатын қоғамның саяси да-
муының кейбір тұстарына көңіл бөлгені белгілі. Бәрінен бұрын, бұл 
қазіргі кезеңнің жаһандық өзімшілдігіне қарсы бағытталаған өзара 
көмек пен ынтымақтастық жайлы оның идеяларында көрініс берді. 
Қоғам мен адамды адамгершіліктік жағынан жетілдіруге арналған 
бірлескен еңбегінде мемлекеттің әрбір мүшесінің өз әрекетеріндегі 
өзара және мемлекеттен бүтіндей тәуелділігі жайлы қоғамдық даму 
идеяларының бүкіл тебіренісі байқалады.
Әл-Фарабидің сөз еткен қайырымды азаматтарды тәрбиелеу 
әдісі, мемлекеттік көшбасшыға тән мейірімділік қасиеттері, сондай-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет