М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет65/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
63 
әрқайсысы өзінше діннің сакралды тәжірибе түріндегі кейіпінде 
орныққан әмбебап принципті, мүмкін деген әмбебап ақиқатты 
игеру нұсқасын танытты. Титус Буркхарттың «діни формалардың 
көптүрлілігі тотальді Ақиқат алдындағы кез келген формалды 
көріністің адекватты емес екенін көрсетіп қана қоймайды, сонымен 
қатар әрбір форманың жанама түрде рухани шынайылығын, оның 
жалпы принципінің қайталанбас, ұқсамайтын екендігін паш етеді» 
дегені орынды [7, 8 б.].
Түркі руханилығы адамның әлемге деген жасампаз өмір-
сүйгіштік қатынастарының табиғи қуатын әкелді және соның 
арқасында, Ш.Ш. Уәлиханов көрсеткендей, табиғатқа таңқа-
луға, құрметтеуге ұмтылдырды, оны қасиеттендіруге мүмкін-
діктер берді [8, 49–51 бб.]. Адамның қоршаған ортаға барын-
ша іңкәрлікпен қарауы, оның қанша қауіпті болса да табиғи 
әлеммен бірлікте және үйлесімділікпен өмір сүре білуі оған де-
ген құрметпен қараушылықты ғана туындатып қоймай, сонымен 
қатар онымен бірігіп кетуден бақытты болу қабілетін тапқызды. 
Бақыт, сонымен материалдық жетістіктен, денсаулықтан, бейбіт 
өмірден құралған күнделікті өмірлік тәжірибе әлеміндегі игілікті 
ғана қамтымады, ол сонымен қатар Тәңірі сыйлаған рухани 
болмыстың толыққандылығына бағытталды. Бұл тәңіршілдіктің 
интенциясы іштей әл-Фарабидің рухани тәжірибесінде, концепту-
алды өрнектелген оның адам мен қоғам ұмтылатын бақыт туралы 
ілімінде де бар екенін байқаймыз. 
Әл-Фарабидің түркілік қайнары мемлекеттің мақсаты оның 
азаматтарының бақытқа жетуіне көмектесу делінген әлеуметтік-
этикалық контекстінде ерекше анық оқылады. Біздің пайымдауы-
мызша, әл-Фарабидің бақыт туралы ілімінің мазмұндық контенті 
ислам, антика және түркілік рухани дістүрлердің қиылысында қа-
лыптасады. Түркілердің рухани құндылықтарына назар аудара оты-
рып өмір және қмірлік жол туралы түркілердің көптеген түсінікте-
рі «құт» деп аталатын басты ұғымның төңірегінде шоғырланатынын 
байқаймыз. Құндылықтық сипатта көмкерілген ол алдымен дәстүрлі 
дүниетанымның жер бетіндегі адами әлемдегі «берекеге», «игілікті 
дүниеге» бағдарланғанын паш етті. Исламның келуімен «құт» 
әлеуметтік мағынаға ие болады және «тағдыр», «үлес», «бақыт» 
ретінде түсініледі. Әсіресе, осы мағына әл-Фарабидің әлеуметтік-
этикалық ілімінде өзінің дамуына ие болады, ол қайырымды мем-
лекетті құруды және болуға тиістіліктің жоғарғы принциптеріне 
сәйкес өмірге қол жеткізуді өзінің идеалды мемлекетінің басты 
міндеті етті. 


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет