М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет62/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Түркі философиясы адам мен әлем туралы тәңіршілдік түрінде 
тарихи қалыптасқан діни түсініктердің жиынтығы түркі рухани 
өмірінің өзіндік сипаттады және ол танымдық, адамгершіліктік, 
эстетикалық жүйеде, салттар практикасында, дәстүрлерде және 
әдет-ғұрыптарда сакралділікке жетудің, оны игерудің тәжірибесі 
түрінде дүниетаным түрінде пайда болды. 
Адамзат кейбір қасиетті, асқақ және адамның қолы жете бер-
мейтін дүниенің бар екенін зерделей бастаған тарихи кезеңнен 
бері оны кәдімгі, қарапайым, қол жетімді тіршілік көздерінен 
екіге бөлектей бастайды, олардың бір-біріне қарама-қарсы екенін 
түсінеді. Ұасиетті дүниеге жетуге тырысу тәжірибесі басынан бастап 
адамның адамгершілігін қалыптастырады, оған ізгілік және ізгілік-
ті өмір ұғымдарын ұғындырып, оны тәрбиелейді. Сакралдылық пен 
асқақтылықтың мағыналарына сәйкес барлығы баснан бастап зер-
делене бастайды және ол кезегінде адам болмысына маңыздылық 
пен мағыналылық береді.
Философия әртүрлі нақты-тарихи кезеңдерде және әртүрлі 
мәдени-тарихи жағдайларда қордаланған адамзаттың көпқырлы 
рухани тәжірибесінің әмбебап-жалпыланған формасы. Сондықтан 
оның тәжірибесі бүкіл адамзаттың игілігі, ол адамзатқа берілген 
адамның әлемге күлдебадам емес, нағыз шынайы қатынасының 
қалыптасуының мүмкіндігі, адам мен қоғамның шынайы бол-
мысының жүзеге асуы. Бұл тек рефлексивтілік тәжірибесі ғана 
емес, ол сонымен қатар терең сезінудің, басынан өткерудің, өмірге 
және әлемді мәдени игеру дүниесіне араласудың түрі. Түркі фило-
софиясы тәңіршілдіктің рухани тәжірибесін қайта жаңғырта оты-
рып оның тәжірибесін және адам мен қоғамның кәдеуілгі өмірін 
трансценденттейді.
Біз оған назар аудара отырып түркі руханилығының қойнауы-
нан туындаған терең онтологиялық байланысты аңғарамыз. Өйткені 
ол біздің ұжымдық бейсаналығымыздың бастауы бола отырып біз-
ге қоршаған ортаның барлығымен, яғни табиғатпен, адамдармен, 
ғаламмен үйлесімділікте өмір сүруді аманат етіп қалдырды. Түркі 
руханилығында табиғат пен қоғамды құрметтеуге, үлкендер мен 
аруақты құрметтеуге арналған керемет мағынасы бар құндылықтар 
орын алады және о бастағы дүниендегі бірлікті болмыстандыра-
тын өзарабайланыстылық ұстанымын, бір-бірімен өзара қатысты-
лықты көрсетеді.
Түркі философиясы философиялық дәстүрде және әлемдік та-
рихи-философиялық үдерісте өмір сүруге толық құқығы бар. Түркі 
мәдениетінің дамуындағыдай оның дамуында белгілі бір кезеңдеуді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет