М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет70/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Олар Жақсылық, Ақиқат, Сұлулық сияқты құндылықтарды ашып 
беруімен бір-біріне жақын. 
Баласагұнның «Құтты білік» философиялық-өнегелілік еңбе-
гі біздің замандастарымызға түркілердің дүниетанымының 
өзгерістерге ұшырауын көрсетеді, ежелгі түркілердің және 
Қарахандар түркі-мұсылман дәуірінің көзқарастарының белгілі бір 
сабақтастығын көрсетеді. Бұл жұмыста өзіндік кейіпте ортағасыр-
лық түркі әлемі қоғамының рухани өмірінің сипатты қырлары
өрнектелген және тарихи дәуірдің әртүрлі әлеуметтік құндылықтық 
бағдарлары айшықталған.
 
Мәтін авторының әл-Фарабидің, Ибн 
Синаның, Бирунидің және тағы басқа да олардың замандастары-
ның дүниетанымдық жүйелерімен белгілі мөлшерде таныс болған-
дығы шығармадан көрінеді [13].
Әл-Фараби сияқты Баласағұни үшін де мемлекет азаматта-
рын тәрбиелеу үдерісіне оқыту арқылы жан-жақты білім беруге 
философия белсенді қатыстырылады. Оның әлеуметтік-мәдени іс-
әрекетінің нәтижесі білімді игеру және олармен пайдалана білу 
ретіндегі білімділік. Әлем құрылымының әмбебап ұстындары оның 
онтологиялық негізі болғандықтан философияда бейнеленеді. 
Сондықта да адамның жетілуі және оның жоғары мақсатқа, өзінше 
жеткілікті құндылық болып табылатын – бақытқа қол жеткізуі, 
адамның іс-әрекетіндегі ең қажетті және басты құраушысы – білім 
беру мен ағартушылық жағдайында ғана болуы мүмкін.
 
Осылай-
ша Ж.Баласағұни әл-Фараби коментарийлерін жазған «Никома-
хова этикасының» қайнар көзі болған әл-Фарабидің практикалық 
философиясындағы ағартушылық идеяларын дамытуды әрі қарай 
жалғастырды. 
ХІ ғасырдағы түркі тайпаларының рухани өмірі келесі түркі 
зерттеушісінің шығармаларында, яғни Махмұт Қашқаридің «Ди-
ван лугат-ат-түрк» («Түркі сөздерінің сөздігі») көрсетілген. Бұл 
еңбек түркі әлемі терминдерін зерделеуде ғана емес, ол түркі тілдес 
халықтардың әдет-ғұрыптары мен тұрмыс ерекшеліктерін, соны-
мен қатар тарихтың сол кезеңіндегі жаратылыстану ғылымдары-
ның пайымдауларын өте тамаша ашып берді [14]. Түркі әлемінің 
көптүрлілігі терминологиялық мағынада игілікті және тыным-
сыз жұмыстың арқасында ашылып көрсетілді. Махмұт Қашқари 
балалардың ойынынынан бастап мифтар мен тарихтың батырлары-
мен аяқталғанға дейін түркілік дәстүрлі өмірінің ұғымының көпте-
ген қырлары көрсетті, әлеуметтік-басқару иерархиясында лауазымды 
кісілердің аттарын атап берді. Ол түркілік табиғаттың жануарлары 
мен өсімдіктері және үй шаруашылығы, тамақ, тіл, материалдық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет